Қазақстан үшін қазір жаңа шыңдарды алу кезеңі туды – Бақытбек Смағұл
![](/img/articles/uploads/6231aea83c824883532892_4311933478.jpg)
Шыны керек, іргедегі бауырлас елдер соғысып, Батыс жұрты көмекке келіп, геосаяси дауыл тұрып, әлем әлемтапырық болып жатқанда кейбір саясаттанушылар, сарапшылар тарапынан «Қазақстан Президенті ірі саяси бастамаларын кейінге қалдыратын болар» немесе «реформаларының бесінші топтамасын шолтиған, қысқартылған күйде жариялайтын шығар» деген ой-пікір айтылып қалды.
Бұл ретте Мемлекет басшысы ел үмітін ақтады, ер сөзінде тұрды. Оның Жолдауындағы саяси бастамалар ауқымымен таңғалдырды, тәнті етті. Дүйім жұрттың тілегінің үдесінен шықты. Мәселен, жаңа облыстардың құрылуы мәселесін жұртшылық біраздан көтеріп келе жатыр. Бүгінгі Жолдау арқасында жаңа 3 облыс пайда болмақ. Бұл қадам өңірлердің, қалалардың қайта түлеуіне, жаңғыруына жол ашады.
Республикада Парламенттің рөлі күшейтіледі. Қазақстан пропорционалды-мажоритарлық, яғни аралас сайлау жүйесіне көшеді. Бұл жүйе партияларға да, жекелеген тұлғаларға да өз әлеуетін жарқырата ашуға мүмкіндік береді. Сайлаушылар ел үмітін ақтамаған, уәдесін сақтамаған депутаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға ықпал ете алатын болады. Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту науқаны басталады. Қоғамның сұрауымен елде Конституциялық сот құрылады. Елдегі саяси реформалардың алдыңғы төрт топтамасын пысықтауға зор үлес қосқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі таратылып, оның орнына ата-баба дәстүрінен тамыр тартқан, қазақылыққа жақын Ұлттық құрылтай құрылады, – деді ол.
Депутаттың айтуынша, Президенттің бастамасына сәйкес, енді партия ашу үшін 5 мың мүшені жиса да жеткілікті болмақ. Жаңа партия тіркеу рәсімі жеңілдетіледі.
Жалпы, алдағы өзгерістер биліктің барлық тармағын, мемлекет пен қоғам өмірінің әр қырын қамтиды. Тарихта қалатын осы Жолдауда айтылған жаңғырулардың бәрі мемлекетімізді күшейтуге, тәуелсіздігімізді нығайтуға септігін тигізеді деген сенімдемін.
Қазіргі кезде жаһандағы күрделі жағдай, іргеде бейбіт аспанды қара бұлттың торлауы, елдегі пандемия тудырған экономикалық дағдарыстың жаңа күйзеліске ұласу қаупі көптеген азаматтардың бойында физикалық-психологиялық күш-қуаттың сарқылуына, басқа түскен ауыртпалықтан қажып, торығуға соқтырғандай еді. Осы орайда Президент халық бойына сенім құя сөйледі: әлемде терең күйзеліс бар, бірақ дүрлігуге себеп жоқ. Қазақстан кең ауқымды дағдарысты еңсеру үшін қажетті барлық резерв пен құралдарға ие. Еліміз тұрақты, жеріміз бүтін, бірлігіміз бекем болса, алынбайтын қамал, еңсерілмейтін қиындық жоқ. Жаңа реформалар арқасында Жаңа Қазақстанымыз алдағы замандардың сыны мен тезіне төтеп берерлiк күштi бойына жинайды, тұлғалана түседі.
Қорыта келгенде, бір мәселеге назар аудартқым келеді: Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жария еткен саяси реформалар мен бастамалар – соңғысы емес: олар ары қарай жалғасын табады. Жаңа өмір шынайылығына, күн сайын түрленген заманға сай бейімделу өзгерістердің жаңа легін қажет етері сөзсіз. Ең бастысы – Қазақстан үшін қазір ширығу, шыңдалу, сөйтіп жаңа шыңдарды алу кезеңі тууда, – деді Бақытбек Смағұл.
![Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді](/img/articles/d5f8d8397373c26fcf724a7779992e7b.jpeg)
![Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді](/img/articles/7c453d9664a2173c989c7e545424dedd.jpg)
![Мемлекет басшысы Мальтаның Сыртқы істер министрін қабылдады](/img/articles/0b35903dccb46432fc31488b537de428.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Қазақстан мен Беларусь мәдени ынтымақтастықты нығайтады](/img/articles/99321f63e1afa28f880285f661dcb55c.jpg)
![Мемлекет басшысы Владимир Путинге көңіл айтты](/img/articles/0e5a131151926021da439e2c1bcd1f49.jpg)
![Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті](/img/articles/fcaa265f945ea7e949569b00ae53cefd.jpg)
![Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады](/img/articles/c9bb0457c4934011fcd7b95c6f737167.jpg)
![Президент Төтенше жағдайлар министрінің есебін тыңдады](/img/articles/234b384ab49f7b60976387407673ccf7.png)
![Президент бірқатар заңға қол қойды](/img/articles/042c9cbc0b57c0a1628f94ebecb91404.jpeg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды](/img/articles/uploads/arik_0068434d15.jpg)