00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Арыс қаласында Дінмұхамед Қонаевтың бюсті ашылды

24.02.2023 | 19:45
Елорда ақпарат
33

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың бюсті ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап орнатылды.

Салтанатты шараға Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов пен Дінмұхаммед Қонаевтың інісі Дияр Қонаев қатысты.

"Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 1956 жылдың 31 шілдедегі жарлығымен Арыс – қала мәртебесіне ие болғаны белгілі. 65 жыл бұрын осы жарлықтың күшіне енуіне Дінмұхамед Ахметұлы айрықша ықпал еткені ақиқат. Біз бүгін ел игілігі үшін ерен еңбек еткен ерлердің есімін ұлықтап, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында осындай салтанатты шарада бас қосып тұрмыз. Бұл – біз үшін зор мәртебе", – деді Гүлжан Мамытқызы.

Айта кетейік, ұлт мақтанышына айналған ұлы тұлғаның мүсінін Арыс қаласының тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик, Суретшілер одағының мүшесі Тілеуберді Бинашев сыйға тартты.

Все новости