«30 жыл - 30 есім» жүлдесінің үміткерлеріне дауыс беру басталды
![](/img/articles/uploads/619d1d834e0a0957129917_4a6bc51362.jpeg)
Телевизиялық жүлде соңғы 30 жылда әр салада жетістікке жеткен бірегей тұлғаларға табысталады.
Әр аталым бойынша 5 үміткер сарапшылардан құралған арнайы комиссия шешіммен іріктеліп, дауыс беруге шығарылды. Телерадиокорпорацияның ресми сайтындағы жалпыхалықтық дауыс беру 30 қарашаға дейін жалғасады.
Байқау:
- Медицина және денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін;
- Қоғамдық белсенділігі үшін;
- Мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін;
- Кино саласына қосқан үлесі үшін;
- Спорт саласындағы жетістіктері үшін;
- Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін;
- Білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін;
- Ауыл шаруашылығы және агроөндіріс саласына қосқан үлесі үшін;
- Дәстүрлі өнердің дамуына қосқан үлесі үшін;
- «Әдебиет» аталымдары бойынша өтеді.
Ұлттық жүлдеге үміткерлер арасында қоғам қайраткері Асылы Осман, медицина ғылымдарының докторы, академик Серік Ақшолақов, әнші Димаш Құдайберген, кино режиссері Ақан Сатаев, кәсіпқой боксшы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам, Қазақстанның Еңбек Ері, білім беру ісінің үздігі Аягүл Миразова, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет бар.
Дауыс саны арқылы қазақстандықтардың кең қолдауына ие болған жеңімпаздар 16 желтоқсан – Тәуелсіздік қарсаңында өтетін арнайы кеште марапатталады.
Үміткерлерге дауыс беру үшін мына сілтемені басуға болады.
![Қазақстандық әртістер Францияда концерт қойды](/img/articles/uploads/61c93e436abb2952988383_87b723c008.jpg)
![189 астаналық жасқа](/img/articles/uploads/61c5b339f02f3788806567_e2633690cb.jpeg)
![Нұр-Сұлтанда](/img/articles/uploads/61bf2a3956d98395631529_693b880889.jpeg)
![Елордада 150 нәресте «Сүйінші» baby-бокстарын алды](/img/articles/uploads/61bf25737c244678014352_ea547df2c5.jpg)
![«Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!»: Нәрестелерге Президенттің құттықтау хаты жеткізілді](/img/articles/uploads/61be0351b334f111258986_1a2456af86.jpg)
![Ұландықтар мемлекеттік наградамен марапатталды](/img/articles/uploads/61ba3e833c591380891484_1323cc017d.jpg)
![Еліміздің 3 мың тұрғыны Әнұранды шырқады](/img/articles/uploads/61ba28df14e78469727008_c83cb44126.jpg)
![Мемлекет басшысының ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі](/img/articles/uploads/61b9f1e58bb14540347622_4db45bb8d7.jpg)
![Біз отыз жылда қазақы қоғам құра алмадық – Алдан Смайыл](/img/articles/uploads/61b9ce2bb2ce0703840953_9084d04b12.jpg)
![Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналарға арналған мерекелік жиын өтті](/img/articles/uploads/61b9bb822e1d9311480132_6c3568eda2.jpeg)
![Елбасы суреті бейнеленген жаңа 20 мың теңге айналымға шығады](/img/articles/uploads/61a70830a270a435334500_64896fe389.jpg)
![Аз қамтылған отбасы балалары қуыршақ театрының қойылымын тегін тамашалады](/img/articles/uploads/6181fa745c187507277797_4faf5b32ab.jpg)
![Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысады](/img/articles/uploads/61b99fbbe85f3002811640_fff888a22c.jpeg)
![Біз отыз жылда қазақы қоғам құра алмадық – Алдан Смайыл](/img/articles/uploads/61b9ce2bb2ce0703840953_9084d04b12.jpg)
![](/img/articles/uploads/616d3d41865e0080310537_4c761a47b8.jpg)
![Еліміздің 3 мың тұрғыны Әнұранды шырқады](/img/articles/uploads/61ba28df14e78469727008_c83cb44126.jpg)
![«Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!»: Нәрестелерге Президенттің құттықтау хаты жеткізілді](/img/articles/uploads/61be0351b334f111258986_1a2456af86.jpg)
![Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналарға арналған мерекелік жиын өтті](/img/articles/uploads/61b9bb822e1d9311480132_6c3568eda2.jpeg)