00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алуға 410 үміткердің өтінімі тіркелді

24.02.2023 | 15:58
Елорда ақпарат
26

Үміткерлерден барлығы 410 конкурстық өтінім келіп түсті, оның ішінде «Ғылым» бағыты бойынша - 77, «Медиа» - 60, «Мәдениет» - 47, «Бизнес» - 154, «Ақпараттық технологиялар» - 72.

Бүгінгі таңда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссия отырыстарын өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Грант бағыттары бойынша комиссиялардың отырыстары онлайн-форматта өтеді.

Қажет болған жағдайда, егер ұсынылған жобада жобаның негізгі идеясы, оның әлеуметтік әсері, күтілетін нәтижелер толық ашылмаған болса, сондай-ақ қосымша мәселелер туындаған кезде үміткер комиссия мүшелерінің тыңдауына шақырылуы мүмкін.

Тағайындалған грантты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында салтанатты түрде табыстау жоспарлануда.

Все новости