00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елордада жас патриоттар арасында «Айбын-2021» жиыны басталды

24.02.2023 | 15:41
Елорда ақпарат
34

Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында орналасқан фронт-кеңсе арқылы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Мұрат Бектанов жиынға қатысушылар алдында сөз сөйледі.

Қорғаныс министрі жиынға қатысушыларға жарыстарда сәттілік пен сергектік тіледі. Отан қорғаушыларымен бір қатарға тұруға лайықты болып, осы күрделі де құрметті мамандықты таңдап, өз өмірін әскермен байланыстырғысы келетін жастардың талпынысы мен ниетін атап өтті.

Ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Юрий Ильин, Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, төрағаның орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Дархан Ділманов, Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары, полковник Батырбек Байбосынов, Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарабаев, басқа да министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты.

Жиын аясында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар, «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны, «Айбын жұлдызы» шығармашылық конкурсы, «Смарт сарбаз» конкурсы өтеді. Онда жас құрастырушылардың қолымен жасалған роботтар және роботтандырылған жүйелердің түрлері ұсынылады.

Биылғы бағдарламада жаңа жарыстар пайда болды. Олар жас тілшілер арасындағы «Жас сарбаз – жас тілші» байқауы және тоғызқұмалақ ұлттық ойыны бойынша онлайн-турнир. Алғаш рет тұрақты түрде «Жас сарбаз Хаб» коворкинг-орталығы іске қосылады. Оның ішінде жиынның фронт-кеңсесінің, брифинг залының және «Жас сарбаз медиа» студиясының жұмысы ұйымдастырылды.

Өткен жылдағыдай, барлық жарыстар мен байқаулар қатысушылардың нормативтер мен тапсырмаларды орындау сәтінен видеоларды жүктеу арқылы мобильді қосымша бойынша ұйымдастырылады.

«Айбын-2021» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны 30 қарашаға дейін жалғасады. «Егемен елдің ертеңі – мен жас сарбаз» атты бірінші жас патриоттар форумы аясында жиынның жабылу және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

Все новости