Таңдау неге Бектеновке түсті?
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/blog_1e61eee01e.jpg)
Блогер Алмас Алтай өзінің әлеуметтік парақшасында Олжас Бектеновтің ҚР Премьер-Министрі лауазымына ұсынылуын ешкім күтпегенін айтты. Дегенмен оның «AMANAT» партиясы атынан ұсынылуы көп нәрсені аңғартатынын да тілге тиек етті.
Бектеновті «AMANAT» ұсынды. Ешкім күтпеген ұсыныс болды, иә?! Кеше күні бойы «Смайылов қалады», «Нұртілеу келеді», «Бозымбаев болады» деген әңгіме гулеп тұрды. Бірақ, «Олжас отырады» деген әңгімені естімедім, оқымадым. Дегенмен Бектеновтің баруы мүмкін екеніне кеше үлкен «белгілер» болыпты ғой, оны өзіміз ұқпаппыз. Мысалы, «Шымкентте қала әкімінің жиыны үстінде бір «шортанды» ұстап ап кетті!», «Астанада экологияның вице-министрі ұсталды» деген ақпараттар осыны меңзесе керек.
Өмір бойы жемқорлықпен күрес саласында келе жатқан адам ғой, «Жаңа Қазақстанда жемқорлықпен осылай ымырасыз күресетін біреу керек» дегенді ұқтырғысы келген шығар, бәлкім.
«AMANAT» ұсынды деген сөз, тағайындалды деген сөз, - деді А.Алтай.
Ал блогер Гүлбану Әбенова елдегі реформаларды ештеңеге қарамай бастау үшін тамаша нұсқаның табылғанын айтты.
Мүмкін Олжас Бектеновтің кандидатурасы бірнеше себептерге байланысты дұрыс таңдалған шығар, мен сол туралы айтайын.
Біріншіден, ол Ақмола облысы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы және Президент Әкімшілігінің басшысы ретінде маңызды басшылық орындарда қызмет етті. Яғни, өңірлер деңгейінде де, орталықта да жұмыс тәжірибесі бар.
Екіншіден, оны әріптестері өз ісінде жауапты және талапшыл маман ретінде сипаттайды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қатысты және басқа да жанжалдарда оның жаман аты шыққан жоқ, - деп жазды өзінің әлеуметтік парақшасында Г.Әбенова.
![Нұрлан Ноғаев жаңа қызметке тағайындалды](/img/articles/9f105f80f3d2f79e587d407d774cccf5.png)
![Боксшы Василий Левит жаңа қызметке тағайындалды](/img/articles/uploads/99c4b228_b2ae_4f71_8768_8b0d8e104c59_0998a14426.jpg)
![Астананың Есіл ауданына жаңа әкім тағайындалды](/img/articles/uploads/74ca9a1d_245c_41c4_a551_28bab46004d8_dce5e9005d.jpg)
![Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды](/img/articles/uploads/photo_209772_78b3fa941d.jpg)
![«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басшысы тағайындалды](/img/articles/uploads/bafefbc850f9ec68ae3b479f82ea3f77_original_83901_cacd82ffdf.jpeg)
![Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметке тағайындалды](/img/articles/uploads/1707985761_483dfa76be.png)
![Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды](/img/articles/uploads/2022_11_28_8_b6567082a1.jpg)
![Таңдау неге Бектеновке түсті?](/img/articles/uploads/blog_1e61eee01e.jpg)
![Президент бірқатар министрлерді тағайындады](/img/articles/uploads/273140346_316136063896275_7018765448486413600_n_830b853d3c.jpg)
![Астана қаласының Статистика департаментіне жаңа басшы тағайындалды](/img/articles/uploads/95fe95a0_7024_4893_a209_70740f5fb7ba_9db82e8a46.jpg)
![Олжас Сыдықбек «Elorda Aqparat» ЖШС директоры болып тағайындалды](/img/articles/uploads/62c2df2b8b226434979689_b7e005c35a.jpg)
![Астананың Есіл ауданына жаңа әкім тағайындалды](/img/articles/uploads/74ca9a1d_245c_41c4_a551_28bab46004d8_dce5e9005d.jpg)
![Астана қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды](/img/articles/uploads/ea92889318a3336a8de8337e8ab83137_1280x720_dca54a13f0.jpeg)
![Ұлықбек Тінәлиев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды](/img/articles/uploads/62a3348fdd525028762106_75fc6051eb.jpg)
![Астана қаласының Статистика департаментіне жаңа басшы тағайындалды](/img/articles/uploads/95fe95a0_7024_4893_a209_70740f5fb7ba_9db82e8a46.jpg)
![«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басшысы тағайындалды](/img/articles/uploads/bafefbc850f9ec68ae3b479f82ea3f77_original_83901_cacd82ffdf.jpeg)
![Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметке тағайындалды](/img/articles/uploads/1707985761_483dfa76be.png)
![Таңдау неге Бектеновке түсті?](/img/articles/uploads/blog_1e61eee01e.jpg)
![ОСК ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәліні тіркеді](/img/articles/uploads/darhan_de7ce0f8d8.jpeg)
![Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа төраға тағайындалды](/img/articles/uploads/62f5e7f4e1073103770629_da02f6cc70.jpg)