Ақпарат және қоғамдық даму министрі тағайындалды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/kydyrali_2_0c764a9880.jpg)
Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.
Дархан Қыдырәлі 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де (1991-1992) және Түркияның Мармара (1992-1996), Докуз Эйлүл (1996-1997), Эгей (1997-1998), Ыстанбұл (1998-2001) университеттерінде білім алған. Ыстанбұл университетінде докторлық диссертация қорғап, «философия докторы» ғылыми дәрежесін иеленген (2001). Абай атындағы ҚазҰПУ-да докторлық диссертация қорғап, тарих ғылымдарының докторы атанған (2010). Тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның корреспендент-мүшесі.
Еңбек жолын 2001-2005 жылдары – Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, кафедра меңгерушісі, аппарат жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер болып бастады.
2005-2006 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер;
2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында директордың орынбасары;
2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі;
2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2009-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары;
2012-2014 жылдары – Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болды.
2014 жылдан бастап Халықаралық Түркі академиясының президенті, 2015 жылғы маусымнан Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялар одағы хатшылығының басшысы қызметін қоса атқарады және аталған одақтың ұйымдастырушысы болып саналады.
2015 жылы ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде «Қорқыт мұрасы және Түркі әлемі» атты халықаралық мәдени шараны, 2016 жылы Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар ұйымының штаб-пәтерінде «2030 жоспары үшін Жібек жолы бойындағы жаңа синергия» атты халықаралық симпозиумды ұйымдастырды.
2018 жылы Халықаралық Түркі академиясының президенті болып екінші мерзімге тағайындалды.
2016-2022 жылдың қыркүйегіне дейін «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымын атқарды.
2022 жылдан бері Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінде.
![Нұрлан Ноғаев жаңа қызметке тағайындалды](/img/articles/9f105f80f3d2f79e587d407d774cccf5.png)
![Боксшы Василий Левит жаңа қызметке тағайындалды](/img/articles/uploads/99c4b228_b2ae_4f71_8768_8b0d8e104c59_0998a14426.jpg)
![Астананың Есіл ауданына жаңа әкім тағайындалды](/img/articles/uploads/74ca9a1d_245c_41c4_a551_28bab46004d8_dce5e9005d.jpg)
![Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды](/img/articles/uploads/photo_209772_78b3fa941d.jpg)
![«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басшысы тағайындалды](/img/articles/uploads/bafefbc850f9ec68ae3b479f82ea3f77_original_83901_cacd82ffdf.jpeg)
![Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметке тағайындалды](/img/articles/uploads/1707985761_483dfa76be.png)
![Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды](/img/articles/uploads/2022_11_28_8_b6567082a1.jpg)
![Таңдау неге Бектеновке түсті?](/img/articles/uploads/blog_1e61eee01e.jpg)
![Президент бірқатар министрлерді тағайындады](/img/articles/uploads/273140346_316136063896275_7018765448486413600_n_830b853d3c.jpg)
![Астана қаласының Статистика департаментіне жаңа басшы тағайындалды](/img/articles/uploads/95fe95a0_7024_4893_a209_70740f5fb7ba_9db82e8a46.jpg)
![Олжас Сыдықбек «Elorda Aqparat» ЖШС директоры болып тағайындалды](/img/articles/uploads/62c2df2b8b226434979689_b7e005c35a.jpg)
![Астананың Есіл ауданына жаңа әкім тағайындалды](/img/articles/uploads/74ca9a1d_245c_41c4_a551_28bab46004d8_dce5e9005d.jpg)
![Астана қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды](/img/articles/uploads/ea92889318a3336a8de8337e8ab83137_1280x720_dca54a13f0.jpeg)
![Ұлықбек Тінәлиев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды](/img/articles/uploads/62a3348fdd525028762106_75fc6051eb.jpg)
![«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басшысы тағайындалды](/img/articles/uploads/bafefbc850f9ec68ae3b479f82ea3f77_original_83901_cacd82ffdf.jpeg)
![Астана қаласының Статистика департаментіне жаңа басшы тағайындалды](/img/articles/uploads/95fe95a0_7024_4893_a209_70740f5fb7ba_9db82e8a46.jpg)
![ОСК ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәліні тіркеді](/img/articles/uploads/darhan_de7ce0f8d8.jpeg)
![Таңдау неге Бектеновке түсті?](/img/articles/uploads/blog_1e61eee01e.jpg)
![Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметке тағайындалды](/img/articles/uploads/1707985761_483dfa76be.png)
![Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа төраға тағайындалды](/img/articles/uploads/62f5e7f4e1073103770629_da02f6cc70.jpg)