00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

ІІМ Тыл департаментіне жаңа басшы тағайындалды

01.04.2023 | 00:38
Елорда ақпарат
97

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ведомство басшылығына Ішкі істер министрлігі Тыл департаментінің жаңа басшысы – полиция подполковнигі Мирам Алдановты таныстырды, деп хабарлады Elorda.info.

Былтыр қыркүйектен бері Мирам Алданов Логистика департаменті басшысының міндетін атқарушы болды.

Марат Ахметжанов қоғамдық қауіпсіздікті тиімді қамтамасыз ету және азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау шарттарының бірі ретінде ішкі істер органдарының жұмысын уақытылы және сапалы материалдық-техникалық қамтамасыз етудің маңызын атап өтті, - делінген ІІМ хабарламасында.

Ведомство басшысы Мирам Алдановтың министрлік пен оның ведомстволарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы үлкен тәжірибесін және жоғары кәсібилігін атап өтті.

Все новости