00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Даулат Ешкеев Астана әкімі аппаратының басшысы болды

31.03.2023 | 23:14
Елорда ақпарат
130

Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы болып Даулат Ешкеев тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ешкеев Даулат Затұлы 1975 жылы Қарағанды қаласында туған.

1996 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін («экономист»), 2000 және 2014 жылдары – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін («заңгер», экономика ғылымдарының магистрі) аяқтаған. 

1999-2007 жылдар аралығында әртүрлі лауазымдарда Қарағанды облысының кеден органдарында қызмет атқарған.

2007-2023 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімі аппаратының бөлімдерін басқарған. Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы болды.

2023 жылдың 17 ақпанында Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Все новости