00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Берік Асылов Бас прокурор болып тағайындалды

25.02.2023 | 01:53
Елорда ақпарат
134

Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымына тағайындалсын, – делінген Президент Жарлығында.

1964 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасында тағылымдамашы қызметінен бастаған.

1992-2001 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші және аға тергеуші, Алматы авиациялық көлік прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымдарында жұмыс істеді.

2001 - 2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы басшылық лауазымдарында жұмыс істеді, Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болды.

2006 жылдан бастап Батыс өңірлік көлік прокуроры, содан кейін Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 28 шілдедегі Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокуратурасын;

2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасын басқарды.

2019 жылғы наурызда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрметті қызметкері, «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгісі табыс етілген.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен мемлекеттік наградалармен – 2005 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2011 жылы ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен және 2017 жылы І дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған, осы орденнің толық кавалері болып табылады. 

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «20 лет КСГП СНГ», «25 лет КСГП СНГ» «За вклад в развитие органов юстиции», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Астана 20 жыл» мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр.

Все новости