00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

24.02.2023 | 22:57
Елорда ақпарат
61

Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымынан босатылсын, – делінген мәтінде.

 

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                                  Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 31 қаңтар

                             № 796

 

Ерболат Асқарбекұлы Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған.  

1993 ж. – Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

1993-1994 жж. – «Іскер» МАӨҚ менеджері, «Вега» ШК директорының орынбасары.

1994-1996 жж. – «Акцепт» Фирмасы» ЖШС директорының орынбасары, директоры.

1996-1997 жж. – «Акцепт» Корпорациясы» ЖАҚ директоры, бірінші вице-президенті, бас директоры, «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

1997 жылдың тамызы – 1998 жылдың наурызы – «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ басқарма төрағасы.

1998 жылдың наурызы-шілдесі – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңесшісі.

1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша ұлттық комиссия мүшесі.

1998-2000 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

2000-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі. 2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.

2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.

2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқарма мүшесі.

2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі.

2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі.

2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2014-2016 жж. – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.

2016 жылдың шілдесі – 2017 жылдың тамызы – «Бәйтерек» ҰБХ басқармасының төрағасы.

2017 жылдың 29 тамызы – 2019 жылдың 25 ақпаны – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

2019 жылдың 26 ақпанынан – Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы.  
 

Все новости