Жыл басынан бері спортшыларымыз 586 медаль жеңіп алды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/40a679449d8746db4dca59c027dd9f74_XL_f19e7226fe.jpg)
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Жыл басынан бері ресми халықаралық турнирлерде қазақстандық спортшылар 586 медаль жеңіп алды.
Соның ішінде Олимпиадалық спорт түрлері бойынша қазақстандық спортшылар 373 жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, спортшыларымыз ел қоржынына 121 алтын, 111 күміс және 141 қола медаль салды.
Олимпиадалық емес спорт түрлерінен 118 медаль түсті. Оның 53-і алтын, 38-і күміс, 27-сі қола медаль.
95 жүлдені отандық параспортшылар жеңіп алды. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша біздің құраманың қоржыны 33 алтын, 33 күміс және 27 қола медальмен толықты.
Біздің спортшылар ел аумағында және шетелде өтетін халықаралық жарыстарда еліміздің атынан лайықты өнер көрсетіп келеді. Осы ретте, бокстан құрама команданың Ташкентте өткен әлем чемпионатында 4 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық 2-орынға ие болғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ, Италияда өткен әлем чемпионатында семсерлесуші Руслан Құрбанов Қазақстан тарихында бірінші болып қола медаль иеленді. Сонымен қатар, каратэден Азия чемпионатында жалпыкомандалық бірінші орынды, мергендеріміздің рейтингтік әлем кубогының медальдық есебіндегі бірінші орнын үлкен мақтанышпен атап өтуге болады, - деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.
![](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Астанада екінші рет «Толағай» алыптар сайысы өтті](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)