00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Жамбы ату ұлттық спорты жастар арасында кеңінен насихатталады

05.12.2023 | 09:30
116
Фото: дереккөз

Бұл туралы Жамбы ату федерациясының президенті Еркебұлан Ілиясов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында баяндады, деп хабарлады Elorda.info.

Жамбы ату федерациясы тарапынан демеуші компания былтыр 180 млн теңге бөлді. Бұл қаражат есебінен қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Спортшылар Мажарстан, Франция, Моңғолия елдерінде өткен халықаралық сайыстарға қатысты. Олар алтын және қола медальдарға қол жеткізді. 

Сондай-ақ Е.Ілиясов алдағы уақытта Шымкент қаласында Жамбы ату академиясы ашылатынын хабарлады. 

Орталық барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Сапалы білім алуға арнайы оқу орталығы құрылады. Сондай-ақ Жамбы атудан Азия федерациясын құру жоспарда бар. Спорттың бұл түріне қатысты маңызды ақпаратпен бөлісу үшін ресми сайт пен мобильді қосымша іске қосылады. Жамбы ату тарихы кеңінен тарқатылып баяндалатын, спорттың қыр-сыры әңгімеленген кітап дайындалып жатыр. Оған қоса балаларға арналған комикстер басылып шығарылмақ. Бұл спорт жайында сериал түсіру де ойда бар.

Мобильді қосымшаны келесі жылы іске қосамыз. Оны тестілік режимде желтоқсан айында өтетін жарыста пайдаланып көруге болады. Ол бізге не береді? Ол министрлік өкілдеріне, халыққа мобильді қосымшаға кіріп, қай спортшының қай атта екенін, қанша ұпай жинағанын онлайн көріп отыруға мүмкіндік береді, – деді Еркебұлан Ілиясов. 

Жамбы ату турнирлерін өткізу кезінде инфрақұрылым мен қауіпсіздікке де ерекше назар аударылмақ. Ол үшін заман талабына сай цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. Мәселен, лазерлер сатып алынып, аттардың жүру жолдары жасалды. Енді жаңадан орнатылған бейнебақылау камералары арқылы спортшылардың дәлдігін, нысанаға тиюін көріп отыруға болады.

Все новости