Стенд атудан Қазақстан Кубогының үшінші кезеңі басталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/stend_atu_fbcc584893.jpg)
Елордада стенд атудан Қазақстан Кубогының үшінші кезеңі басталды деп, хабарлады Elorda info.
Байрақты бәсекеде сұрмергендер спорттың скит және спортинг түрлері бойынша сынға түседі. Оған бас-аяғы 100-ден аса спортшы жиналды.
Іс-шараның ашылу салтанатына МСМСпорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова, ҚР ҰОК Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов, Стенд атудан құрама басшысы Дина Шарипова қатысты.
Стенд ату — Олимпиада ойындарына кіретін спорт түрі. Нысана көздеу бойынша 2024 жылы Париж Олимпиадасында 15 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
Қазіргі уақытта ұлттық құраманың көшбасшылары Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында ел намысын қорғап жатыр. Қуанышымызға қарай, пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Ислам Сатпаев ел атынан Париж Олимпиадасының жүлдесін иеленген алғашқы спортшылардың бірі атанды.
Сіздер де осы додада біліктіліктеріңізді арттырып, биік нәтижелерге қол жеткізулеріңізді тілеймін!,- деді, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова.
Турнирге Астана, Алматы, Алматы облысы, Шымкент, Павлодар, Қызылорда облысының мергендері қатысып жатыр.
Бүгінгі күнге дейін «Скит» бағдарламасы бойынша жарыс өз мәресіне жетті. Ерлер арасында Богдан Скутельников, Айк Авагян, Сергей Качанов жүлдегер атанды.
Әйелдер арасында Дарья Дынник алдына жан салмаса, Ольга Хасянова мен Рината Насырова жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Ал командалық ерлер сайысында Астана қаласы чемпион атанса, әйелдер арасында Шымкент қаласы топ жарды.
Жалпы жүлде кестесі бойынша, әзірге Астана қаласы мен Шымкент қаласы 3 алтынмен көш бастап тұр.
Енді осы сұрмергендер қазан айында Шымкент қаласында бас қосып, Қазақстан кубогының шешуші, яғни төртінші кезеңінде жеңімпаздарын анықтайды.
Жарыс 27 тамызға дейін жалғасады.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
![](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Астанада екінші рет «Толағай» алыптар сайысы өтті](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)