00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Солтүстік шұғыла»: Көркем гимнастикадан ашық чемпионат басталды

10.02.2024 | 09:26
130
фото авторы: Василий Крась

Биылғы турнирде Павлодар, Теміртау, Астана, СҚО, Қарағанды, Жамбыл, Алматы қалаларынан 12 клубтың гимнасшылары жүлде жиынтығын сарапқа салады. 

«10-11 ақпан күндері аралығында «Beeline Arena» спорт кешенінде 400-ге жуық жас спортшыларымыз жеке және топтық жаттығуда өз шеберліктерін көрсетеді. Бәсеке 4 жастан 16 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Турнирде тек жүлде сарапқа салынып қоймай, әр гимнасшы спорттық разрядтарын қорғайды. Астана қаласында әр 3 ай сайын іріктеу сайыстарын өткізіп, республикалық, халықаралық додаларға мықтыларды іріктейміз. Салыстырмалы түрде көркем гимнастикамен айналысатын балалардың үлесі артып келеді. Неге? Себебі, көптеген ата-ана тек мектептегі біліммен ғана емес, ұдайы физикалық жаттығумен біріктіргенде ғана жетістіктерге жететінін түсінеді. Сондай-ақ, мектеп пен спортты қатар алып жүрген бала бос уақытын тиімді жұмсап, зиянды нәрселерден аулақ болады», - деді Alem халықаралық көркем гимнастика мектебінің басшысы Әсем Ахметжанова.

00.jpg

Статистикаға назар аударсақ, 4 жыл бұрын қалада көркем гимнастикадан 6 мектеп болса, қазір 15-ті құрап отыр. 

Қазіргі таңда федерацияның мәліметі бойынша, елордамызда 3 мыңға жуық жеткіншек осы спорт түрімен айналысады. Аға буын мен жас мамандардың өзара бірігіп жұмыс істеуі, семинарлардың өткізілуі спорттық көрсеткіштердің өсіретіні түсінікті. Нәтижесінде Астана қаласы республикалық деңгейде де мықты ұжымдардың біріне айналды. 

Солардың бірі — Эрика Жайлауова. 2023 жылы Ханчжоудағы Азия ойындарында командалық сайыста күміс жүлдеге ие болды. Ал Испанияның Валенсия қаласында өткен әлем чемпионатында Париж Олимпиадасының жолдамасын алуға бір ғана қадам жетпей қалды. 

«Жақын күндері Халықаралық Олимпиада Федерациясынан әлемдік деңгейдегі жарыс өткізуге ұсыныс хат келді. Бұйырса наурыз айының ортасында Қазақстан көркем гимнастика федерациясымен бірігіп, 22-24 наурыз күндері аралығында турнир ұйымдастырмақшымыз. Бұндай деңгейде бәсеке Астанада 10-15 жыл  бұрын болғандығын ескерсек, спортшылардың шеберліктерін арттыруға керемет мүмкіндік болмақ», - деді Әсем Ахметжанова. 

001.jpg

Бүгінгі жарыс күнінде топтық жаттығу бойынша жеңімпаздар белгілі болады.

 

                                                                                                                                                                                Қанат БАЙҰЗАҚОВ

 

Все новости