00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Садақ атудан «Grand Prix Astana» жарысы басталды

14.06.2023 | 20:30
111
Фото: дереккөз

Астанада садақ атудан дәстүрге айналған «Grand Prix Astana» кезекті мәрте жалауын желбіретті, деп хабарлады Elorda.info.

Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде өтіп жатқан доданың ашылу салтанатына Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Азамат Имашев, ауыр атлетикадан 4 дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, садақ ату және дартстан Астана қаласы федерациясының бас бапкері Ольга Ли қатысты.

Баршаңызды садақ атудан 2-ші мәрте өтіп жатқан гран-при жарысында көргеніме қуаныштымын. Бүгінгі халықаралық турнирге 10 елден 150-ге жуық спортшы бақтарын сынауға келді. Спортшыларымыз үшін алдағы жыл өте жауапты болғалы тұр. Азия ойындары, Әлем чемпионаты, Азия біріншілігі, Әлем кубогы. Сондықтан осы турнир жерлестерімізге қарсыластармен бәсекеге түсіп, тәжірибе алмасуға таптырмас мүмкіндік. Барлықтарыңызға сәттілік! - деп, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыс 18 маусымға дейін созылып, мергендеріміз 12 медаль жиынтығын жеке және командалық сында сарапқа салатын болады.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Все новости