Республика күні қарсаңында Азиадада бақ сынаймын – Ақмарал Науатбек
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_18_at_17_02_04_580de16692.jpeg)
22-28 қазан аралығында Сары құрлықтың басты бәсекесі Азия пара ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 131 атлет қатысады. Ұлттық құрамада Парадзюдодан екі дүркін әлем чемпионы Ақмарал Науатбек те бар. Елордалық спортшы Республика күнімен тұспа-тұс келіп тұрған әлемдік дода алдыңдағы көңіл-күйімен бөлісті, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Парадзюдодан ел құрамасы 25 қазан IV азия пара ойындарында сыңға түседі. Қазір қызу дайындық жүріп жатыр. Қазіргі таңда Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Ертең Ханчжоуға аттанамыз,- дейді Ақмарал Науатбек.
Парадзюдодан екі дүркін әлем чемпионының сөзінше, ел атынан әлемдік жарысқа қатысу әрқашанда патриоттық рухты көтереді.
Елімізде Республика күнінің қайта жаңғырып, мәртебе алғаны өте дұрыс шешім деп есептеймін. Өйткені, еліміздің тәуелсіздігі осы күннен бастау алатыны баршаға белгілі. Өз елімнің атынан үлкен жарысқа қатысу патриоттық рухымды әрқашан еселейді. Әсіресе спортшылар еліміздің атын әлемдік додада шығарып, мәртебесін көтеріп жүр. Ел намысы сынаққа түскен сәтте алдымызда жерлестеріміздің үлкен үміті тұрады. Мен еліміздің абыройын сөзбен емес, алдағы додағы жеңіспен дәлелдеймін,- дейді ол.
Елордалық спортшы әлемдік деңгейде бақ сынап, ел мерейін үстем етуді үлкен құрмет деп есептейді.
Елім үшін сынға түсіп, көк туым шарықтап көтеріліп, әнұранымыз орындалғанда тұла бойымды қуаныш билейді. Міне, биыл дәл осы мереке қарсаңында ұлттық құрама парадзюдодан IV Азия пара ойындарында сынға түседі. Мен де өз бағымды сынап көремін. Еліміздің үмітін ақтауға барымызды саламыз. Келе жатқан Республика күні құтты болсын!,- дейді Парадзюдодан екі дүркін әлем чемпионы.
![](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Астанада екінші рет «Толағай» алыптар сайысы өтті](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)