Qazaq kuresi ассоциациясының жаңа президенті тағайындалды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/3da7fdbd_4176_447d_aa27_cc24f01389b6_0931001dc9.jpg)
Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов Qazaq kuresi ассоциациясының жаңа президенті болып тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.
«Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде өткен шараның ашылу салтанатына «Qazaq kuresi» ассоциациясының бас директоры Ерлан Естек, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бейбіт Ыстыбаев, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қазақ күресінің ардагері Марат Жахитов, облыстық Qazaq kuresi федерацияларының президенттері қатысты.
Сондай-ақ, Біріккен күрес әлемі ұйымының (UWW) дәстүрлі күрес түрлері комитетінің төреші делегаты Эдмар Абдуллаев, Өзбекстан, Әзірбайжан, Эстония, Қырғыз Республикасы, Нидерланды, Италия, Филиппин, Сербия, Польша, Үндістан, Гана мемлекеттерінің президенттері жиынды ZOOM платформасы арқылы тамашалады.
Қазақ күресі – ата-бабамыздан мұра болып қалған, бүгінгі күнге дейін жеткен ұлттық құндылығымыз. Осы орайда қазақ күресінен жыл сайын елімізде 700-дей турнир өтеді. Халықаралық дәрежеде 44 елде федерациямыз ашылған. Қазақ күресін ел ішінде тәрбие мен мәдениеттің құралы арқылы қолдансақ, әлемде қазақ бренді ретінде танытуды жоспарлаймыз.
«Qazaq kuresi» ассоциациясы UWW атты халықаралық ұйымның құрамына кірді. Алдағы уақытта оны Азия және Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу бойынша жұмыстар атқарылады.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында қолжетімді және көп қаржыны талап етпейтін спорт түрлерін дамыту қажеттігін атап өткен болатын. Оның ішіне Олимпиадаға кіретін бағдарламадан үстел теннисі мен шахмат болса, Олимпиадаға енбейтіндердің қатарынан қазақ күресі, тоғызқұмалақ кіреді. Қазақ күресі – қолжетімді, тегін айналысуға болатын санаулы спорттың бірі. Дегенмен, алда әлі шешілмеген мәселелер бар. Көздеген мақсаттарымызға қол жеткізу үшін барлығымызға сәттілік тілеймін! – деді «Qazaq kuresi» ассоциациясының жаңа президенті Ербол Мырзабосынов.
Статистикалық деректерге сәйкес, елімізде 122 607 адам жаттығатын 3 897 қазақ күресі үйірмесі бар. Оның ішіндегі 2 735 үйірме ауылдық жерлерде орналасқан. Онда 73 054 адам жаттығады. Жалпы қазақ күресінен жылына түрлі деңгейдегі 700-ден астам жарыс өткізіледі. Бүгінгі таңда әлемнің 40-тан астам елінде қазақ күресі федерациялары жұмыс істейді.
Айта кетейік, «Qazaq kuresi» ассоциациясы 2020 жылы қазақ күресінің әртүрлі ережесі бойынша жұмыс істеп келген 3 федерацияның – «Qazaq kuresi» халықаралық федерациясы, «Qazaq kuresi» дүниежүзілік федерациясы және «Qazaq kuresi» республикалық федерациясының біріктірілуінің нәтижесінде құрылды.
![](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Астанада екінші рет «Толағай» алыптар сайысы өтті](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)