Қоян-қолтық ұрыстан турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/8238ace95ee3e84c2f9e6a5287670417_1280x720_c9bd1c9a07.jpg)
ТМД-ға мүше мемлекеттер достық армиялары арасындағы армиялық қоян-қолтық ұрыс чемпионаты мен Қазақстан Қорғаныс министрінің кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан өткен республикалық турнирдің қорытындысы шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 180-нен астам спортшы қатысқан жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.
Қорғаныс министрінің кубогы үшін Қазақстан күштік құрылымдарының 16 құрама командасы күш сынасты.
Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов халықаралық қоян-қолтық жекпе-жек федерациясының президенті Сергей Астаховқа спорттың осы түрін насихаттағаны үшін алғысын білдіріп, спортшыларды байрақты бәсекенің аяқталуымен құттықтады.
Қоян-қолтық ұрыс еліміздегі барлық күштік құрылымдарда маңызға ие. Қарулы күштерде әскери қызметшілердің дене шынықтыру бағдарламасы пәндерінің бірі. Бұл әскери қызметшілерді шынықтырып, оларды мықты әрі төзімді ететін спорт түрі, – деп атап өтті министр.
Өз кезегінде Халықаралық қоян-қолтық ұрыс федерациясының президенті Сергей Астахов Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшылығына іс-шараны жақсы ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттер достық армиялары чемпионатының қорытындысы бойынша командалық есепте Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Екінші орынды Ресей командасы еншілесе, өзбекстандық спортшылар үшінші орынға ие болды.
Жеке біріншілікте 55 келіге дейінгі салмақта сержант Айдын Нұридинов (Қазақстан), 60 келіге дейінгі салмақта майор Аман Шәкіртов (Қазақстан), 65 келіге дейінгі салмақта аға лейтенант Жәнібек Сәбит (Қазақстан), 70 келіге дейінгі салмақта сержант Андрей Ляшенко (Ресей), 75 келіге дейінгі салмақта сержант Олимжон Номуродов (Өзбекстан), 80 келіге дейінгі салмақта курсант Темірхан Хасанов (Ресей), 85 келіге дейінгі салмақта сержант Азамат Асылбекұлы (Қазақстан), 85 келіден жоғары салмақта лейтенант Руслан Габараевтар (Ресей) чемпион атанды.
Сонымен бірге ресейлік спортшы Руслан Габараевқа «Үздік техника» номинациясы берілді. Ал «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясына өзбек спортшысы сержант Шохруз Шарифов ие болды. Әділ төрешілік жасағаны және спорттық қағидаттарды мүлтіксіз орындағаны үшін жарыс төрешісі, ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубы спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің офицері, аға лейтенант Нұрбол Саябаев грамотамен марапатталды.
Қазақстанның күштік құрылымдары арасындағы қоян-қолтық ұрыстан ҚР Қорғаныс министрінің кубогын Қорғаныс министрлігінің командасы жеңіп алды. Екінші орынды Мемлекеттік күзет қызметінің құрамасы иеленсе, Ішкі істер министрлігінің командасы үшінші орынды місе тұтты.
Жеке есепте әйелдер арасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ефрейтор Аян Тұрсын (Орталық спорт клубы), 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде аға лейтенант Амина Шайменова (Мемлекеттік күзет қызметі), 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде аға лейтенант Гүлбану Саматова (ІІМ) чемпион атанды.
Ерлер арасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сержант Жандос Мадехиянов (Қорғаныс министрлігі), 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде капитан Асхат Жылысбеков (ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі), 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде капитан Аманбек Жаманқараев (ІІМ), 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сержант Аслан Ораз (Мемлекеттік күзет қызметі), 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде майор Асылбек Смайылов (Мемлекеттік күзет қызметі), 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде лейтенант Арман Ерменбет (Қорғаныс министрлігі), 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде аға лейтенант Мейрамбек Алматы (Мемлекеттік күзет қызметі), 97 келіден жоғары салмақ дәрежесінде аға лейтенант Жарас Ілиясов (Мемлекеттік күзет қызметі) алтыннан алқа тақты.
![](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Астанада екінші рет «Толағай» алыптар сайысы өтті](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)