00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Махмұд Сабырхан жеңісі жайлы пікірін білдірді (ВИДЕО)

01.07.2023 | 16:30
71

Бокстан Астанада өтіп жатқан «Elorda Cup» халықаралық турнирінде 57 келідегі Махмұд Сабырхан финалға жолдама алды, деп хабарлады Elorda.info.

Ол 1/2 финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржановты 4:1 есебімен жеңді.

Жекпе-жек ойдағыдай өтті. Бұл айқасты өзім алда жоспарлап жүрген едім. Жанкүйерлер де асыға күтті. Азия ойындарының лицензиясы сарапқа салынған кездесу менің пайдама шешілгеніне қуаныштымын. Бапкерімнің тапсырмасы бойынша, 3 раунд бойы аянбай жұдырықтастым. Серік Теміржановқа рақметімді айтамын! Көптеген адамдар 57 келі мен үшін ауыр болады деп еді. Бірақ өзімді осы салмақта жақсы сезінетімдігімді іс жүзінде дәлелдедім. Алдында айтқандай, 51 келіге салмақ қуу қазір қиындау. Алдағы уақытта 57 келіге толыққанды үйреніп кетемін деп сенемін, - деді ол.

Енді Махмұд Сабырхан финалда Саравут Джиамтонгпен (Таиланд) кездеседі. Бұл 2 боксшы жыл басында 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының финалында айқасып, отандасымыздың пайдасына шешілген.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Все новости