Әлем чемпионатының жүлдегері Жәмила Бақбергенова елге оралды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/glavnyj_zham_7789d2e10b.jpg)
Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінен қола жүлдегер атанған елордалық Жәмила Бақбергенованы жанкүйерлері мен жақындары әуежайдан қарсы алды, деп хабарлады Elorda info.
Әлемдік додада топ жарған жерлесімізді бапкері екеуін Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов және қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев пен жанкүйерлері, зор құрметпен күтіп алды.
Еске салсақ, Сербия астанасындағы балуандар додасына 77 мемлекеттен 1000-ға тарта күрес шеберлері қатысты. Жәмила осы жарыста 72 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола жүлдені еншіледі.
Бұл 27 жастағы елордалық спортшының дүниежүзілік бәсекедегі қатарынан 3-жүлдесі. Ол 2019 жылы Ослода, былтыр Белградта күміс жүлдеге ие болған.
Туған елге оралған Жәмилә жанкүйерлерінің қолдауын ерекше сезінгенін жасырмады.
Жанкүйерлердің қолдауын шын сезіндім. Маған демеу берген жандарға көп рақмет! Әлем чемпионаты мен үшін қоламен аяқталды. Әрине, алтын не күміс алсам деген мақсатым болды. Бірақ бұйырғаны қола медаль екен. Алдымызда үлкен жарыс яғни, жазғы Азия ойындары күтіп тұр. Сәл тынығып алып Ханчжоуға жол жүреміз — деді, астаналық бұрымды балуан Жәмила Бақбергенова.
Айта кету керек, Жәмилә – мұндай нәтижеге қол жеткізген әйелдер арасындағы тұңғыш қазақ балуаны. Қазір оның еншісінде Азия чемпионатының 5 медалі бар (3 алтын, 1 күміс, 1 қола).
Енді астаналық балуан қыз Қытайда өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарына дайындықты бастайды. Ханчжоу қаласында ол Олимпиада бағдарламасына кіретін 76 кг салмақта боз кілемге шығады.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![Қазақстандық 2 спортшы жүзуден Олимпиадаға қатысатын болды](/img/articles/2fb545bb6a9e49ff27cdc1a78fe61f47.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)