00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Теннисшілеріміз Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңін сәтті бастады

25.06.2024 | 13:56
Олжас Сүлейменов
212
Теннисшілеріміз Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңін сәтті бастады
Фото: дереккөз

Қазақстандық төрт теннисші Уимблдон турнирі іріктеу кезеңінің екінші айналымына өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іріктеу додасында 27-ракетка болып тіркелген Михаил Кукушкин бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 278-орында тұрған украиналық Виталий Сачкомен өткізді. Екі сетте де 6:3 есебі тіркеліп, 1 сағат 15 минутқа созылған матчта Кукушкин жеңіске жетті. Михаил іріктеу жарысының жартылай финалында әлемнің 152-ракеткасы, франциялық Бенджамин Бонзимен кездеседі.

Әлемнің 163-ракеткасы Денис Евсеев рейтингіде өзінен 8 саты төмен тұрған франциялық Маттео Мартиноны қапы қалдырды.

Екі сағат 20 минутқа созылған кездесуде Евсеев камбэк жасай алды – 6:7 (4:7), 6:2, 7:6 (10:7). 

Рейтингіде 208-орында тұрған Бейбіт Жұқаев ерледі. Ол әлемнің 154-ракеткасы, аустралиялық Юрий Родионовты жарыс жолынан тайдырды – 7:6 (7:5), 7:6 (9:7). 

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 229-сатыдағы Тимофей Скатов әлемнің 158-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриноны екі сетте жеңді – 6:3, 6:3. 

Осылайша, іріктеу сайыстарының жартылай финалында Евсеев әлемнің 133-ракеткасы, франциялық Титуан Дрогетпен, Скатов рейтингіде 129-сатыдағы словакиялық Лукаш Клейнмен сынға түседі. Жұқаевтың қарсыласы кейін анықталады. 

Все новости