00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Jana Men»: семіздікпен күресу жайлы реалити-шоу жарыққа шықты

30.09.2023 | 03:30
118
Фото: elorda.info

Салауатты өмірді насихаттаушы Айтым Жақыпов көрермендерге жаңа реалити-шоуын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

қанат.jpg

ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының 2022 жылғы статистикасына сәйкес, елімізде 20%-дан астам тұрғын семіздікке душар болған. Оның 6 491-і 17 жасқа дейін жасөспірімді құрайды. 

Осы орайда танымал спортшы Айтым Жақыпов 17-39 жас аралығындағы семіздіктен азап шегетін шынайы 6 кейіпкердің өмірі бейнеленетін 7 сериялық «Jana Men» жобасын ұсынды.

«Семіздіктің басты себебі — тек көп тамақ жеу емес. Оған дұрыс тамақтанбау, психологиялық қысым, спортпен айналыспау, айналадағы адамдар т.б әсер етеді. Артық салмаққа бірі жас кезінде, бірі есейген  шағында тап болады. Дегенмен, қай жас болмасын, бұл мәселені жеңіп шығуға болады. Сондықтан да осы реалити-шоуымыз арқылы қоғамға салауатты өмір салтын насихаттау, өз-өзін жеңу сынды ойларды жеткізсек дейміз. Мысалы, Абай облысынан келген Руслан есімді азаматымыздың салмағы — 262 келі. Ол өзің қаншалықты жеңе алады? Барлық тапсырмаларды орындай ала ма? Оны алдағы уақытта білетін боласыздар» — деп, жоба жетекшісі Айтым Жақыпов өз ойымен бөлісті. 

7 сериядан тұратын реалити-шоуды Айтым Жақыповтың youtube каналынан әр бейсенбі күні жаңа сериясын көрсеңіз болады.

Қанат Байұзақ

Все новости