00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Исламбек Салжанов әйгілі авто-дизайнерге ерекше картинаны сыйға тартты

06.10.2023 | 06:57
117

Астанада өтіп жатқан VI Nobel Fest халықаралық фестивалі аясында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов әлемге әйгілі авто-дизайнер Фрэнк Стивенсонға «Аламан бәйге» картинасын сыйға тартты, деп хабарлады Elorda.info. 

Картина авторы – отандық суретші Ерлан Айтуаров.

Исламбек Салжанов атап өткендей сыйлық кездейсоқ таңдалмаған.

5 мың жыл бұрын ата-бабамыз, яғни көшпенді жылқы жануарын бірінші болып ерттеп мініп, бүкіл адамзат өркениетінде серпіліс жасады. Міне, осы сәттен бастап жылқы ең жылдам әрі негізгі көлік құралына айналды. Бұл – тарихтың бағытын өзгертті. Жылқыны алғаш қолға үйреткен – қазақ даласы. Сіз дизайнын жасаған Ferrari көлігінде ат бейнеленген эмблема бар. 

Сізге тарту еткен картинада Аламан бәйге бейнеленген. Ол – қазақтың ұлттық ат жарысы. Бірнеше мәрте чемпион болған Формула-1 сияқты темір тұлпар жарысының бастауында осы аламан бәйге тұр деп айтуға болады. Сізді 2024 жылы қыркүйекте Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырамын, - деп түйіндеді сөзін Исламбек Салжанов.

Фрэнк Стивенсон тарту етілген сыйлықты жоғары бағалайтындығын, ал заманауи шығармашылықты шабыттандыруда тарихтың маңызы биік екендігін айтты. Дизайнер Исламбек Салжановқа өнер туындысы мен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырғаны үшін алғысын білдірді.

Все новости