Гимнастика федерациясы Париж Олимпиадасына дайындық жоспарын таныстырды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/04a4eea1_b9f0_4508_a6bc_3dc260c31f38_c59db485d8.jpg)
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев гимнастика федерациясының басшылығымен және жаттықтырушылар штабымен кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Жиын барысында көркем және спорттық гимнастика өкілдері осы жылды қорытындылап, Париж Олимпиадасына дайындық жоспарларын таныстырды.
Ханчжоуда өткен Азия ойындарында көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, сары құрлық додасы алдындағы міндеттемелерін толық орындады. Яғни жерлестеріміз 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
Ең алдымен, гимнастарға Азия ойындарында жақсы өнер көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді. Федерация басшылығы Қытайдағы жарыс алдында тек бір күміс жүлде алуды жоспарлағанымен, спортшыларымыз біз күткеннен де жоғары нәтижеге қол жеткізді. Азия аламанының қорытындысы бойынша гимнастар ел қоржынына 3 медаль салды. Әрине, гимнастикада төрешілердің субъективті бағалауы жиі кездесетіні бәріне мәлім. Біздің спортшылардың бұдан да жақсы нәтиже көрсетуіне мүмкіндігі болған еді. Алайда бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Сондықтан халықаралық жарыстарда жұмыс істейтін отандық төрешілердің санын арттыру бойынша жұмысты күшейту қажет, - деді Ермек Маржықпаев.
Азия ойындарында спорттық гимнастикадан еліміздің ерлер құрамасы Қытайда 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алуды жоспарлағанымен, бір қоланы ұтты. Дегенмен, ұлттық құрама өкілдері жекелей көпсайыста Олимпиада жолдамасын жеңіп алғанын айта кеткен жөн. Әйелдер құрамасы Ханчжоуда тұғырға көтеріле алмады.
Кездесу соңында министр спортшылардың, атап айтқанда спорттық гимнастика бойынша ерлер мен әйелдер құрамасының дайындық жұмыстарын қайта қарауды тапсырды. Спорттың осы түріндегі ұлттық құрама өкілдерінің соңғы жылдардағы нәтижелері спортшыларды жаңа жүйе бойынша жаттықтыруды қажет етеді.
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![Қазақстандық 2 спортшы жүзуден Олимпиадаға қатысатын болды](/img/articles/2fb545bb6a9e49ff27cdc1a78fe61f47.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)