00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордадағы «Дәулет» кешенінің спортшылары өткен жылы 64 медаль иеленді

30.10.2023 | 06:30
65
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Дәулет» спорт кешенінің қызметі туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов пен «Дәулет» МКҚК басшысы Дина Темірғалиева брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info

«Қолжетімді спорт» бағдарламасын жүзеге асыру аясында – бұқаралық спортты және дене шынықтыруды дамыту, теннисті танымал ету мақсатында жаз айларында Астана қаласының саябақтары мен мектептерінің 13 ашық теннис кортында балаларға арналған тегін теннис сабақтары өткізілді. 

Жалпы федерация Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер теннисін дамытуға көп күш салуда. Қазірдің өзінде біз қыздар арасында әр жас санатында жақсы спорттық көрсеткіштерді байқаймыз. Сондықтан, біздің ересек кәсіпқой теннисшілеріміздің жетістіктерімен қатар ITF Juniors, ITF World Tennis Tour, ATF Juniors, Tennis Europe, сондай-ақ жасөспірімдер арасында қатысатын жасөспірім спортшыларды атап өткім келеді. Осы жылы елордалық Альбина Кәкенова беделді Australian Open 2023 Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy турнирінің финалисі атанды. Өткен жылы Альбина ATF Juniors сериясында барлығы төрт турнирде жеңіске жетіп, 14 жасқа дейінгі Азия рейтингінде маусымды 1-орында аяқтаған болатын, - дейді Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Е.Корбозов.

Осы жылдың қыркүйек айында Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында теннистен «Президент кубогы» халықаралық турнирі өтті. Халықаралық аренада алғаш рет өнер көрсеткен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Дәулет» теннис орталығының спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, Аделина Маманфина жекелей сында бірінші орын иегері атанып, жеңіске жетті. Айша Сайран жекелей сында жүлделі үшінші орынға ие болды. Ал жұптық сайыста басқа елдің спортшысымен өнер көрсеткен елордалық Даниал Шалхимбаев үздіктер қатарынан көрінді. 

Сондай-ақ Астанада ADD TABLE Tennis Center ASTANA заманауи үстел теннисі орталығының ашылуы өтті. Кешен барлық үздік әлемдік стандарттарға толық жауап береді. Нысанның жалпы ауданы 3 700 шаршы метрден асады. Жарыс кезеңінде орталықтың негізгі залы (2 300 ш.м.) 16 үстелге есептелген. 

Айта кетейік, жыл басында «Дәулет» теннис орталығында арбадағы теннистен ел біріншілігі өткен болатын. 

Арбадағы теннис – елімізде енді дамып келе жатқан паралимпиадалық спорт түрі. Бұл спорт түрімен елімізде 150-ге жуық спортшы айналысады. Аймақтарда арбадағы теннистен 10-ға жуық жарыс өтті, ал республикалық деңгейде бұл үшінші өткізіліп тұрған жарыс. Биылғы жарысқа еліміздің 7 өңірінен 40-қа жуық спортшы қатысуда. Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың спортпен айналысуына, үлкен жетістіктерге жетуіне мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалуда, - дейді Еркеғали Корбозов. 

Қазақстандағы үлкен теннис Елена Рыбакина, Александр Бублик, Михаил Кукушкин және т.б. халықаралық турнирлердегі жеңістерінің арқасында танымал болды. Жас спортшылардың арасында жеңістер саны артып келеді, Альбина Кәкенова 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азияның алғашқы ракеткасы атанып, спорт шебері атағын алды. Қазіргі уақытта Қазақстанда 2000-ға жуық бала тенниспен айналысады.

«Дәулет» спорт кешенінің миссиясы – олимпиадалық спорт түрінің спортшыларын тәрбиелеу. ATF әзірлеген теннисті дамыту бағдарламасын ұстана отырып, соның ішінде 5 жастан асқан балаларға арналған Baby tennis жүйесін пайдаланады. Бұл бағдарламалар теннис арқылы жастардың салауатты және бақытты болашағын қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар одан әрі жетілдіру бағдарламаларына енгізілуі мүмкін талантты ойыншыларды анықтауға көмектеседі. 

2023-2024 оқу жылына спорттық-сауықтыру топтарында 550 бала бар.

5-6 жас аралығындағы 163 бала;

7-8 жас аралығындағы 143 бала;

9-10 жас аралығындағы 10 бала.

Бюджеттік топтарға түсу үшін іріктеу критерийлері бар, спорттық-сауықтыру топтарында оқу кезінде жаттықтырушылар құрамы спортшылардың әлеуеті мен ұмтылысын бағалайды.

Спортшылардың жетістіктері туралы айта кететін болсақ, 2022 жылы біздің тәрбиеленушілеріміз республикалық және халықаралық деңгейдегі 40-тан астам жарысқа қатысып, 64 медаль жеңіп алды. Биылғы алғашқы үш тоқсанда олар әртүрлі деңгейдегі 37 спорттық іс-шараға қатысып, 50 медаль жеңіп алды, - дейді «Дәулет» МКҚК басшысы Дина Темірғалиева. 

Биыл «Дәулет» спорт кешенінің тәрбиленушілері теннистен ел чемпионатын жеңіп алды. А.Кәкенова пен В.Куфельд Қазақстан Республикасының спорт шебері атағымен марапатталды. 2023 жылы «Дәулет» МКҚК-ның 11 спортшысы спорт нәтижелері бойынша Астана қаласы құрамасының құрамына кірді.

Сонымен қатар, салауатты өмір салтын және бұқаралық спортты насихаттау мақсатында спорткомбинаттың базасында халықаралық және республикалық ауқымдағы 30-дан астам турнир өткізілді. 

Все новости