Елордада спорттық құзға өрмелеуден қалалық фестиваль өтті
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/2023_11_08_11_42_34_5721862f74.png)
Астана қаласы Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының ұйымдастыруымен спорттық құзға өрмелеуден қалалық фестиваль өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Жарысқа Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлері, жаттықтырушылары қатысты.
Шараның ашылу салтанатына қатысқан Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік шара алдымен қызметкерлерді спортқа тарту мақсатында және спорттық құзға шығу арқылы физикалық белсенділіктерін арттыруға арналған.
Бүгінгі таңда құзға өрмелеу елімізде спорттық белсенді демалыстың қарқынды дамып келе жатқан түрі ретінде танылуда. Бұл іс-шараның басты мақсаты мекеме қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестермен кәсіби байланысты кеңейту арқылы спортпен шұғылдану үшін спорттық даярлықтың маңызды шарты екенін түсіндіру. Бұл спорт түрі ептілікті, төзімділікті, қозғалыстарды үйлестіруді және логикалық ойлауды дамытады. Сондай-ақ, жарақаттану қаупі төмен және физиологиялық, яғни ағзаға ыңғайлы.
Қалалық біріншілік ерлер мен әйелдер арасында жас ерекшелігіне байланысты бірнеше санаттар бойынша ұйымдастырылды. Атап айтқанда, жылдамдық, жолдарды сынау, қиындық секілді түрлері бойынша, - дейді Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиева.
Айта кету керек, фестиваль барысы білікті нұсқаушы мен жаттықтырушылардың көмегі арқылы жүзеге асты.
Жарыс соныңда жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальмен, дипломмен марапатталды.
![](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Астанада екінші рет «Толағай» алыптар сайысы өтті](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)