Елордада семсерлесуден республикалық ашық турнир басталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/semserlesu_cadb7544e3.jpg)
Астанада жасөспірім қыздар мен ұлдар арасында семсерлесуден «Астана қылышы» республикалық турнирі басталды, деп хабарлады Elorda info
Турнирге еліміздің Астана, Алматы, Шымкент, қалалары мен СҚО Қарағанды, ШҚО, Шымкент, Тараз, Алматы облысы, ШҚО, Абай облыстарынан келген 150-ге тарта семсерлесушілер қатысып жатыр.
Жарыстың ашылу салтанатына Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Астана қаласының семсерлесу Федерациясының басшысы Ержан Нүсіпбеков және Астана қаласы әкімдігінің №9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің басшысы Айдын Токбаевтар қатысты.
Астана қаласында дәстүрге айналған семсерлесуден республикалық турнирдің ауқымы кеңейіп, биыл «Астана қылышы» турнирі қаламызда он екінші рет өткізіліп жатыр. Жылдан жылға жастардың көптеп қатысуы мен қатар елімізде семсерлесу спортының ең маңызды оқиғалардың бірі ретінде танымал болуы қуантады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлудеміз. Бүгінгі жарыс – бұқаралық спортты дамытудағы үлкен қадам. Сондай-ақ, жас семсерлесушілер үшін өз шеберліктерін көрсетуге және әр өңірдің үздік спортшыларымен бәсекеге түсуге таптырмас мүмкіндік, - деді қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.
Жарыс қатысушылары қарудың қылыш, сапы және найза секілді үш түрі бойынша жеке және командалық есепте сайысқа түсуде.
Ұйымдастырушылардың айтуынша турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, тиісті дәрежедегі дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Айта кетейік, айтулы бәсеке Астанадағы «Аспан» спорт кешенінде өтіп жатыр. Жарыс 29 қыркүйекке дейін жалғасады.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
![](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Астанада екінші рет «Толағай» алыптар сайысы өтті](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)