Еліміздің 53 актері бозкілемде белдеседі
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/61b2a8df_f553_4961_bff0_9e42ecbe8b1a_d16b6e01db.jpg)
Биылғы бәсекеде республикамыздың 10-нан астам өңірінен 53 балуан 5 салмақ бойынша жүлде жиынтығын сарапқа салады.
Осы күндері елордамыз түрлі ірі спорттық жарыстарды қабылдайтын қалаға айналды. Кезекті сондай турнирдің бірі – «Театр барысы».
Өнер мен спортты бірге дәріптеп жүрген барша қатысушыларға алғысым шексіз. Сонымен қатар биыл Қазақстан алғаш рет V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қабылдайды. Осындай додалар қазақ күресін дамытуға үлкен үлес қосады деп ойлаймын, - деді жарыстың ашылу салтанатында Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен.
Турнирдің басты мақсаты – еліміздің театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу, сондай-ақ Қазақстанның театр кеңістігіндегі актерлердің өнері мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайту.
Турнир ұйымдастырушысы, «Өнер барысының» 3 дүркін чемпионы Асылхан Төлепов «Театр барысының» ерекшелігіне тоқталды:
Ең бастысы, артымнан келе жатқан інілеріме үлгі болып, олар да қазақ күресімен айналысса деймін. Көптеген іс-шаралар тек ірі қалаларда өтіп жатады. Ал аудан, ауылдық деңгейдегі өнер адамдары сол төңіректе ғана болады. «Театр барысы» барлық жердің мамандарын бір ортаға қосып, күресіп қана қоймай, араласуына мүмкіндік сыйламақ.
Былтыр сайысқа кемінде 3 ай жұмыс өтілі бар қызметкерлер күрессе, биыл 6 айға ұзарттық. Өйткені былтыр күреспен кәсіби түрде айналысқан спортшылар да қатысып кетті. Биыл барынша таза ұйымдастыруға тырысамыз. Салыстырмалы түрде осы жолы қатысушылардың дайындықтары жоғары, - дейді ол.
Турнир қорытындысында ір салмақ бойынша жеңімпазға – 500 мың, екінші орынға – 300 мың, үшінші орынға – 150 мың теңге сыйақы беріледі.
Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылы алғаш рет өткен жарыста Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Жанболат Қонысбек жеңімпаз атанған болатын.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
![](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Астанада екінші рет «Толағай» алыптар сайысы өтті](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)