00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ел қоржынына Универсиаданың алғашқы алтыны түсті

31.07.2023 | 14:14
112
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік Универсиаданың алғашқы алтынын Қазақстанға таэквондист Рита Бакишева еншіледі, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық Рита Бакишева 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Қытайдың Тайбэй өкілінен басым түсті.

Бұған дейін Елжан Таниева лентамен көркем гимнастикадан жеке жарыстарда күміс медаль жеңіп алған болатын.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына он бір медаль түсті – бір алтын, бес күміс және бес қола.

Чэндудегі 31-ші Дүниежүзілік жазғы Универсиада 8 тамызға дейін жалғасады.

Все новости