00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Дмитрий Баландин жаңа қызметке сайланды

15.12.2023 | 07:00
118
Фото: дереккөз

Алматыда Қазақстан Республикасы су спорты түрлері федерациясының конференциясы өтіп, ұйымның президенті мен атқарушы комитеті қайта сайланды, деп хабарлады Elorda.info

2016 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Дмитрий Баландин федерацияның вице-президенті қызметіне тағайындалды. 

Маған сенім артқандарыңызға алғыс айта отырып, еліміздегі және халықаралық аренадағы су спорты түрлерінің дамуына өз үлесімді қосатыным үшін қуаныштымын. 2023 жылы өткен Азия ойындарында біздің федерация спортшыларының 80 пайызы ойын тұғырына көтерілді, бұл федерация жұмысының тиімділігін дәлелдейді. 2016 жылы жеңіп алған Олимпиаданың алтын медалі маған үлкен еңбектің нәтижесінде келді. Бүгінде мен өзімнің тәжірибем мен жігерімді Қазақстандағы су спорты түрлерін дамытып, қолдауға дайынмын, - деді ҚР су спорты түрлері федерациясының жаңа вице-президенті Дмитрий Баландин. 

Айта кетелік, Баландин Рио Олимпиадасынан бөлек, 2014 жылы өткен Инчхондағы жазғы Азия ойындарында үш мәрте жеңімпаз атанған. 

Қазіргі таңда ол спорттағы мансабын аяқтап, жауапты қызметке кірісті. 

Все новости