«Bolashaqqa Jol»: Көше баскетболынан ойын өтті
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/bask_601af3b79b.jpg)
Жастар арасындағы танымал спорттың бірі – көше баскетболынан жұлдыздардың қатысуымен ойын ұйымдастырылды деп, хабарлады Еlorda.info сайты.
«NS street life» спорт алаңындағы іс-шараға қазақ күресінен Қажымұқан, Балуан Шолақ секілді атақты балуандарды насихаттап жүрген Сергей Цырульников қатысты.
Неге танымал адамды шақырылды? Бұл сұраққа «The Chronic» спорттық іс-шаралар ұйымдастыру агенттігінің басшысы Азамат Кубышев жауап берді:
«Кейінгі жылдары әлемде көше баскетболының даму қарқыны жоғары. Тіпті 2021 жылы өткен Токио Олимпиадасында алғаш рет баскетболдың 3x3 форматында жүлде сарапқа салынды. Ерлер бәсекесінде халқы 2 млн-ға жетпейтін Латвия құрамасы чемпион атанды. Бұл нені білдіреді? Көше баскетболында кез-келген адамның биік тұғырдан көріне алатындығын дәлелдейді. Бұл жобаны біз Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткізіп жатырмыз. Бұған дейін көше баскетболы қылмысқа әуес, бұзақылардың ойыны ретінде есептеліп келсе, қазір қоғамның да көзқарасы өзгерді. Бұл тек доп қуу емес, бос уақытты тиімді ұйымдастырудың жолы деп, есептеймін. Өкінішке қарай, бұл форматқа қызығатын, білетіндердің саны аз. Сергей Цырульников т.б танымал тұлғалар арқылы өзім секілді жастардың қатары артса деген ниетім бар».
Баскетболдың 3х3 түрі 2018 жылы Азия ойындарына кіргізілген болатын. Қазақстанның ерлер құрамасы 8-орын алса, әйелдер командасы 11-орынға тұрақтаған еді.
«Кезінде АҚШ-та «түнгі баскетбол» жобасы қолға алынып, кешкі уақытта көше баскетболын тұрақты, тегін ұйымдастырды. Себебі, кешкі, түнде жастар қылмыстық істерге көп барады. Жоба нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс лезде азайып, президентке де бұл ақпарат жеткен. Біздің мақсатымыз – көше баскетболы арқылы жасөспірімдерді дұрыс жолға салу, уақытын тиімді өткізу, жақсы орта табуына көмектесу. Астана қаласында көше баскетболын ойнайтын Ботаникалық саябақ, Триатлон саябағы, «NS street life» спорт алаңы ғана бар. Алдағы уақытта осындай жерлердің көбеюі жастар үшін пайдалырақ болады деп сенемін» - деді, «The Chronic» спорттық іс-шаралар ұйымдастыру агенттігінің басшысы Азамат Кубышев.
Жоба аясында көктер мен қызылдар баскетбол ойынын өткізіп, көктер 2:0 (15:12, 14:7) есебімен жеңіске жетті.
Шара соңында Сергей Цырульников жас спортшыларға өз шеберлігін көрсетіп, естелік суретке түсті.
Қанат Байұзақов
![](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Астанада екінші рет «Толағай» алыптар сайысы өтті](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)