Боксшылардың физикалық дайындығында кем тұстар көп – министр
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/8ea66d5f_dde4_4e73_808c_454bd8dbc6f8_3ee74b6f5b.jpg)
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытайда өткен Азия ойындарының қорытындысы бойынша федерациялардың есебін тыңдауды жалғастырып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл жолы еліміздегі ең танымал спорт түрлері саналатын бокс пен дзюдо федерациясының өкілдері есеп берді. Жиында олар спортшылардың Ханчжоудағы өнері туралы айтып, төмен нәтиже көрсетуінің себептерін баяндады.
Ермек Маржықпаев қазақстандық боксшылардың физикалық және функционалды дайындығында кем тұстар көп екенін, әйелдер боксында резервтің жоқтығын атап өтті.
Бәріміз Карина Ибрагимованың (57 кг) финалдағы, Асланбек Шымбергеновтің (71 кг) жартылай финалдық жекпе-жегінде болған жағдай туралы жақсы білеміз. Алайда, бұл команданың жалпы көрсеткен нәтижесіне себеп болмауға тиіс. Біздің боксшылар екінші раундтан кейін шаршап қалып жатыр. Федерацияның ұсынысымен спортшылардың физикалық дайындығын жақсарту мақсатында шетелдік кеңесші шақырылғанымен, нәтиже көңілдегідей болмай шықты. Әйелдер боксында резерв жоқ, бір спортшы барлық турнирге қатысып шығады, - деді министр.
Сонымен қатар Ермек Маржықпаев дзюдо федерациясының есебін тыңдап, Азия ойындарында жақын көршілерімізден медаль саны бойынша да, жеке белдесулер бойынша да қалып қойғанымызға тоқталды.
Бір ғана мысал, Қазақстан ерлер құрамасының балуандары Ханчжоу татамиінде Тәжікстан спортшыларымен үш рет кездесіп, өкінішке қарай, соның екеуінде қарсыластарына жол беріп қойды. Нәтижесінде Тәжікстан мен Қырғызстан – 1 алтыннан, Өзбекстан 3 алтын медаль жеңіп алды, - деді Е.Маржықпаев.
Оның айтуынша, кейінгі жылдары дзюдошылардың нәтижесі де, деңгейі де төмендеп барады.
Соңғы онжылдықта дзюдодан ұлттық құрама салыстырмалы түрде бір деңгейде өнер көрсетіп келді. Елдос Сметовтің жетістіктері федерацияны алға тартты. Бірақ қазір оның жасына сай күш-жігері аздап сарқыла бастағанда ұлттық құраманың шынайы деңгейі белгілі болды, - деді ол.
Жиын соңында министр өткен жарыстардың нәтижелеріне терең талдау жүргізуді және спортшыларды алдағы Париж Олимпиадасына тыңғылықты дайындау үшін кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды.
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![Қазақстандық 2 спортшы жүзуден Олимпиадаға қатысатын болды](/img/articles/2fb545bb6a9e49ff27cdc1a78fe61f47.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)