«Белеске жету жолында»: елордалық гимнасшылар жылды қорытындылады
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/0_f9c5f770b2.jpg)
Астана қаласында гимнастикадан «Белеске жету жолында» шығармашылық кеші өтті, деп хабарлады Elorda info.
Екінші рет ұйымдастырылып жатқан кешке арнайы қонақ ретінде көркем гимнастикадан топтық бәсекеде Токио Олимпиадасының чемпионы, болгар өкілі Лаура Траатс келді. Сондай-ақ, шараға спортты дамыту дирекциясы басшысының міндетін атқарушы Азамат Имашев, Астана қаласының спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Астана қаласының мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов т.б қонақтар қатысты.
2023 жыл гимнастика үшін сәтті өтті деуге толық негіз бар. Федерация тарапынан жасалған үлкен еңбектің нәтижесінде халықаралық ірі жарыстарда жүлде бұйырды. Біріншіден, спорттық гимнастикадан Азия ойындарында 13 жылдан кейін ғана Нариман Құрбанов қола жүлде алды. Ал әлем чемпионатында Милад Карими 1997 жылдан бері енді жеңіс тұғырынан көрінді. Екіншіден, көркем гимнастикадан жеке сайыста Эльжана Таниева мен Милана Парфилова алғаш рет Азия ойындарында жүлдегерлер қатарына кірді. Топтық бәсекеде де 2-орынға тұрақтады. Үшіншіден, батуттық гимнастикадан әйелдер сайысында Виктория Бутолина ел тарихында бірінші рет 3-орын алды. Ерлер бәсекесінде Данил Мусабаев күміс жүлдегер атанды. Алда маңызды Олимпиадалық жыл күтіп тұр. Осы орайда барлық спортшыларға сәттілік тілеймін. Біз де туымызды жоғары көтеру үшін қолдан келгенімізді аянып қалмаймыз, — деді көркем гимнастикадан ұлттық құраманың бас бапкері Әлия Юсупова.
Сонымен қатар мерекелік кеште бірнеше жаттықтырушы марапатталды.
Айта кетейік, әзірше гимнастика спортынан тек Милад Карими (спорттық гимнастика) ғана Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді.
Өзге лицензиялық жарыстар келесі жылы жалғасады.
Қанат Байұзақов
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![Қазақстандық 2 спортшы жүзуден Олимпиадаға қатысатын болды](/img/articles/2fb545bb6a9e49ff27cdc1a78fe61f47.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)