00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Baby Cup: Көркем гимнастикадан Әлия Юсупованың жүлдесі сарапқа салынуда

21.05.2024 | 22:07
Қанат Байұзақов
210
Baby Cup: Көркем гимнастикадан Әлия Юсупованың жүлдесі сарапқа салынуда
фото: Оңалхан Өнерхан

Елордада көркем гимнастикадан танымал спортшы Әлия Юсупованың жүлдесін сарапқа салған жарыс басталды, деп хабарлады Elorda.info.

3 мәрте өткізіліп жатқан бәсекенің басты ерекшелігі мұнда тек бастауыш сынып оқушылары сынға түседі.

Биылғы додаға Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар, Семей, Орал, Ақтау, Петропавл қаласынан 402 жас көркем гимнасшы қатысып жатыр.

«Олимпиадаға қатысу арманын орындаудың алғашқы қадамы дәл осындай турнирден басталады. Себебі, 3-4 жастан бастап, халықтың алдында өнер көрсетіп, тәжірибе жинау қажет. Осының арқасында спортшылар қателікпен жұмыс істеп, эмоцияларын басқаруды үйренеді. Елімізде танымал спорттың біріне айналған көркем гимнастикаға деген қызығушылық жыл сайын артып келеді.  Былтыр 350-ге қатысушы жиналса, биыл 400-ден асып отыр.

Әлемде көркем гимнастика Франция, Германия, Испания, Жапония, Оңтүстік Корея секілді мемлекеттерде қарқынды дамығаны сонша, кіші жарыстардың өзіне халық көп жиналады. Біз де ақырындап осы деңгейге өсіп жатырмыз» — деп көркем гимнастикадан ҚР Еңбек сіңірген спортшысы Әлия Юсупова өз ойын білдірді.

Додада 2015 жылдан кейін туған спортшылар бақ сынап жатыр.

Ашылу салтанатына көркем гимнастикадан жақында ғана Ташкентте өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, Париж Олимпиадасының жолдама иегері Эльжана Таниева да өз өнерін паш етті.

«Азия чемпионатынан кейін, Астана қаласындағы Қазақстан біріншілігіне қатыстым. Арасы қысқа ғана уақыт болғанымен, спортшы барлығына дайын болуы тиіс. Жарыстан кейін жас спортшылардың алдында өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Олар да үлкен спортта биік белестерге жетеді деп сенемін» — деді Эльжана Таниева.

Жарыс 23 мамыр күні мәресіне жетеді.

Все новости