00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстандық спортшы нысана көздеуден Олимпиада лицензиясын иеленді

31.10.2023 | 11:00
77
Фото: дереккөз

Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында қазақстандық мерген Арина Алтухова Олимпиада жолдамасына қол жеткізді, деп хабарлады Elorda.info

50 метр жерден пневматикалық тапаншадан үш позициядан оқ ату бәсекесінде отандасымыз финалда 5-орын иеленіп, Париж Олимпиадасының лицензиясын қанжығасына байлады. 

Бұл Қазақстан құрамасы үшін осы спорт түріндегі екінші лицензия. Бакуде өткен әлем чемпионатында алғашқы жолдаманы Ислам Сәтпаев иеленген болатын. 

Айта кетейік, 2 қарашаға дейін жалғасатын Азия біріншілігінде барлығы 24 Олимпиада лицензиясы сарапқа салынады.

Все новости