00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстан – Финляндия матчында қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау қажет

06.09.2023 | 12:00
113
Фото: дереккөз

«Астана Арена» стадионында 7 қыркүйек күні ЕУРО-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Финляндия матчы өтеді. Осыған байланысты астаналықтар көлік кептелісін болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ЕУРО-2024 іріктеу турнирі 7 қыркүйек, яғни бейсенбі күні сағат 20:00-де өтеді. Бұл құрама командамыздың ЕУРО-2024 чемпионатына шығу үшін шешуші кездесулерінің бірі. Қазірдің өзінде 30 мыңға жуық билет сатылып кетті. Стадион лық толы болады деп күтіліп отыр.

Ойын «Астана Арена» стадионында өтетіндіктен, Тұран мен Қабанбай батыр даңғылдарына көлік нөпірі шамадан тыс көп болуы мүмкін.

Көлік кептелісін болдырмау үшін жүргізушілер жүрер жолын алдын ала жоспарлауы қажет. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп сақталуы керек.

Айта кетейік, 10 қыркүйек күні сағат 19:00-де Астанада Қазақстан құрамасы Ирландия құрамасымен ойнайды.

Все новости