00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ауыр атлетика: Ташкент төрінен екінші жүлде түсті

07.02.2024 | 09:13
135
Фото: Тұрлыжан Айтенов

Ол 81 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруде 153 кг, серпе көтеруде 166 кг зілтемірді көтеріп, қоссайыс қорытындысында 343 кг көрсеткішпен күміс жүлдегер атанды. 

Ерлер. 81 кг

1-орын. Ри Чонг Сонг (Солтүстік Корея) – 369 келі (169+200)

2-орын. Александр Уваров (Қазақстан) – 343 келі (153+190)

3-орын. Гайгысыз Тораев (Түркіменстан) – 337 келі (148+189)

5-орын. Әлібек Рақымберді (Қазақстан) – 298 келі (130+168)

a19897b7-1f13-41df-86c0-6b3837d8d658.jpg

25 жастағы Александр үшін бұл ересектер арасындағы үшінші ғана жарысы: 

2020 жыл. Азия чемпионаты 

4-орын. 81 келі. 320 келі

2023 жыл. Жазғы Азия ойындары

3-орын. 81 келі. 348 келі

2020 жылғы сәтсіздіктен кейін құрамадан алып тастаған. Тек 2023 жылы ауыр атлетикадағы бапкерлер құрамы ауысқан соң, қайта мүмкіндік берілді. 

Қазір Қазақстан қоржынында 2 күміс медаль бар. Екі күн бұрын Сайрамкез Ақмолда алғашқы жүлдеге қол жеткізген болатын.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Все новости