00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада өткен «Қазақстан барысының» іріктеу турнирі сенсациямен аяқталды

30.05.2023 | 20:41
135

Астана қаласынан «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне қатысатын палуандар анықталды, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыстың ашылу салтанатына Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Карбозов, Қазақ күресі Ассоциациясының басшысы Ерлан Естек, Спорттан Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша дамыту дирекциясының басшысы Дастан Юлдашев, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының РМҚК директоры Бақдәулет Сәбит, №7 балалар және жасөспірімдердің мамандырылған спорт мектебінің директоры Серік Халелов қатысты. 

2011 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан «Қазақстан барысы» турнирі еліміздің брендіне айналды. Бүгін сол доданың іріктеу кезеңін өткізіп жатырмыз. Астана қаласынан 2015 жылы Ғани Сейділдаев «Қазақстан барысының» қола жүлдегері атанып еді. Содан бері 8 жыл өтті. Әзірге осы аралықта жүлдесіз келе жатырмыз. Барлықтарыңызға сәттілік! Шын мықты жеңіске жетсін! Елордалық палуандарымыз республикалық, халықаралық бәсекелерде топ жаратынына сенемін! — деп, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Карбозов өзінің спортшылардан зор үміт күтетіндігін білдірді. 

Сайыс барысында 100-ге жуық қатысушы 8 салмақ және түйе палуан бойынша жеңімпазды анықтады. 

«Қазақстан Барысы» додасының 2 жолдамасы үшін 20 палуан өзара күресті. 

 

1. Олжас Шынкеев — 120 келі (2018 жылғы "Қазақстан Барысы" турнирінің чемпионы) 

2. Жандос Сейтенов — 150 келі ("Қазақстан Барысы" турнирінің қатысушысы) 

3. Жасұлан Халхабаев — 118 келі

4. Қайрат Махтин — 117 келі

5. Теңелбай Абдуллаев — 105 келі

6. Айдос Аханов — 103 келі

7. Нұрдаулет Айсағалиев — 102 келі ("Қазақстан Барысы" турнирінің қатысушысы) 

8. Еркебұлан Әбдісадықов — 100 келі

9. Мейіржан Сламшайков — 101 келі

10. Диас Талғатұлы — 95 келі 

11. Азамат Бекболатов — 110 келі 

12. Темірлан Сапаров — 105 келі

13. Елнұр Сәлімов — 122 келі

14. Қазанғап Лесбек — 104 келі 

15. Қализа Ислямбеков — 94 келі 

16. Бүркіт Серік — 90 келі

17. Шерхан Азатбек — 112 келі

18. Ерасыл Тұрсынбеков — 90 келі 

19. Ерсұлтан Жорабек — 123 келі. 

20. Мұқан Төреқажы — 120 келі 

Жарыс қорытындысы бойынша Жасұлан Халхабаев (жолдама иегері) топ жарса, Ерасыл Жорабек 2-ші жолдаманы иеленді. Қола жүлде Нұрдаулет Айсағалиевке бұйырды. 

Жүлдегерлер «Астана барысы»  белбеуі мен бағалы сыйлық, мақтау қағаздарымен марапатталды. 

Айта кетейік, «Қазақстан Барысы» жарысы шілде айының басында өтеді.

Все новости