00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада күрестен «Қазақстан барысы» турнирі өтіп жатыр

02.07.2023 | 15:00
92

Астанада қазақ күресінен Елорда күніне орайластырылған «Қазақстан барысы - 2023» республикалық турнирінің шымылдығы ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

Байрақты бәсекенің салтанатты ашылуына Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысты.

Бүгінгі шара әділетті Қазақстан тарихына жазылатын тарихи оқиға десек қателеспейміз. Қазақ күресі қазақтың болмысын, өнерін, ұлттық ерекшелігін айқындайтын спорт түрі. Сол себепті де жыл сайын мыңдаған қазақстандықтар өздеріңізді қолдау үшін жиналады. Баршаңызға ең алдымен әділ жеңіс тілеймін. Еңселі елордамызға қош келдіңіздер.

Келер жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алғаш рет қазақ елінде өтеді. Сол жерде балуандарымыз өз мықтылығын көрсету керек, - деп, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Астанаға жиналған балуандарға сәттілік тіледі.

Қазақ күресінен республикалық турнир 2011 жылдан бері тұрақты негізде ұйымдастырылып келеді. 

Әр өңірден екі спортшыдан қатысады, олар абсолютті салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Биыл қатысушылардың жалпы саны – 41 палуанды құрап, рекортық көрсеткішке қол жеткізді.

Айта кетейік, былтыр «Қазақстан барысы» турнирін Қызылорда тумасы Мақсат Исағабылов жеңген еді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Все новости