Астанада боччадан Қазақстан чемпионаты мен «CHILDREN PARALYMPIC GAMES» спорт фестивалі басталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/01_14_b5be9b25f7.jpg)
Елордада боччадан Қазақстан чемпионаты мен «CHILDREN PARALYMPIC GAMES» спорт фестивалі бастау алды, деп хабарлады Elorda.info.
Ірі спорт сайысының ашылуында сөз алған Сенат төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев елімізде инклюзивті спортты дамыту маңызды екенін атап өтті.
Бүгін мұнда барша Қазақстаннан жас спортшылар, олардың ата-аналары, бапкерлері келіп отыр. Бүгін шынайы спорт мерекесі деп ауыз толтырып айта аламыз. Бұл шара елімізде инклюзивті, кедергісіз ортаны қалыптастыруға үлкен үлес қосады деп сенеміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, ерекше қажеттілігі бар балаларды қорғау, қолдау үшін көптеген іс-шаралар іске асып жатыр. Оның ішінде сапалы білім беру, медициналық қызмет, сондай-ақ спортпен айналысуға жағдай жасау бар. Әлі де атқарылатын шаруа аз емес. Бұл тұрғыдан алғанда инклюзивті спортты дамыту маңызды, - деді Мәулен Әшімбаев.
Чемпионаттың ашылу рәсіміне «Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Назира Нұрбаева да қатысты. Ол дамыған елдерде инклюзия қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылатынын, Қазақстан да осыған ұмтылуда екенін атап өтті.
Инклюзивті спорттың жарқын мысалы - ерекше балалар мен жастар арасындағы бочча ойыны болып отыр. Аталған паралимпиадалық танымал спорт түріне «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан қайырымдылықтың бірыңғай операторы «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы қаржылық қолдау көрсетіліп келеді, - деді Назира Нұртілеуқызы.
Басқарушы директор өз сөзінде Қор жас ұрпақты қолдау мәселесіне айрықша көңіл бөле беретінін жеткізді.
Қордың қолдауымен «Саламатты болашақ» жобасы аясында еліміздің 21 қаласы мен елдімекенінде тегін инклюзивті және бейімделген спорт секцияларының желісі құрылып, 1 100 ерекшелігі бар бала спорттың 11 түрі бойынша жаттығу шараларына қатысуда.
Айта кетейік, бұл чемпионаттың маңызы зор. Өйткені, ұлттық құрама сапы осы бәсеке нәтижесі бойынша жаңартылып, кейін олар Паралимпиада және Азия параойындарында ел намысын қорғайды.
1-4 маусым аралығында өтетін чемпионатта еліміздің әр өңірінен келген 15 және одан жоғары жастағы 50-ге жуық спортшы бақ сынайды.
![](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Астанада екінші рет «Толағай» алыптар сайысы өтті](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)