00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Астанада Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңі өтіп жатыр

15.04.2023 | 13:30
88

Астанада әйелдер арасында командалық әлем чемпионаты саналатын Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info. 

Билли Джин Кинг кубогінің (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі аясында Ұлттық теннис орталығында Қазақстан – Польша матчы өтті.

Бәсекені тамашалауға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов және Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек келді. 

Кортқа алғашқы болып Қазақстаннан әлемнің 45-ракеткасы Юлия Путинцева мен Польша құрамасынан дүниежүзілік рейтингте 19-орында тұрған Магда Линетт шықты. Осыған дейін қарсыластар өзара жеті рет кездесіп, соның бесеуінде Магда жеңіске жеткен. 

Бірінші партияда поляк спортшысы 4:0 есебімен алға кетті. Тек содан кейін ғана Юлия есепті қысқартты – 2:4. Магда есеп 5:2 болып, сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Бұдан соң қазақстандық теннисші күш алды – 7:5. 

Қатарынан жеті геймді өз есебіне жазған Путинцева екінші сетті де сәтті бастады – 2:0. Содан соң тағы бір брейк жасап, 4:1-ге жеткізгенімен, Линетт сол бойда қайта қысқартты. Дегенмен Ю.Путинцева бәсекені тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:3. Осылайша, Қазақстан 1:0 есебімен алға шықты. 

Осы бәсекеден кейн, Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингте 253-сатыда тұрған 22 жастағы Вероника Фальковскамен кортқа шықты. Бұл олардың өзара алғашқы кездесуі еді. 

Бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай алды. Содан кейін сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3. Екінші сетте Рыбакина брейкпен алға кетті – 4:2. Дегенмен В.Фальковска таразы басын теңестірді – 4:4. Бұдан соң Елена брейкпен бірге матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:4. 

Осылайша, Қазақстан Польшамен матчта 2:0 есебімен алға шықты. 

Айта кетейік, бұл кездесудің жеңімпазы әлем чемпионатына жолдама алады. 

Ойын бүгін сағат 13:30-да Ұлттық теннис орталығында арнайы жасалған топырақ төсенішінде өтеді.

Все новости