00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Армия спортшылары әлем чемпионатында сегіз медаль иеленді

04.12.2023 | 05:30
164
Фото: дереккөз

CISM халықаралық әскери спорт кеңесі мен Әзербайжан Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған чемпионатқа 18 елден 300-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлады Elorda.info

Грек-рим стиліндегі армия балуаны Аманғали Бекболатов 55 келі салмақ дәрежесінде Иран, Ресей, Түркия спортшыларынан басым түсті. Ол шешуші жекпе-жекте Әзербайжан балуаны Фарида Садиклиді жеңіп, әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

Еркін күрестен өткен жарыс тұғырының екінші сатысына Рүстем Мырзағалиев (79 кг), Айнұр Әшімова (57 кг) және Ирина Кузнецовалар (62 кг) көтерілді. Ал Нұрсұлтан Азов (125 кг), Мейіржан Әшіров (70 кг), Әділ Оспанов (65 кг) және Дәулет Теміржанов (57 кг) қола жүлдегер атанды. 

Айта кетейік, жарысқа Қазақстан Қарулы күштерінің командасы еркін және грек-рим күресінен он тоғыз балуан апарған болатын.

Все новости