Қарлығаш Рамазанова: Астана Ұлттық спорт фестивалін жоғары деңгейде өткізді
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/arly_ash_5c3227e691.jpg)
Астана қаласында 4-10 қыркүйек аралығында өткен ҚР Ұлттық спорт түрлерінен VI фестивалі аяқталды. Аптаға созылған додадан соң жарыстың бас төрешісі, «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК директоры Қарлығаш Рамазанова Elorda info сайтына сұхбат беріп, өткен жарыс туралы ойын айттты.
Күні кеше ғана аяқталған Ұлттық спорт түрлерінен VI фестивальді Астана қаласында өткізуге не себеп болды?
2019 жылы V ұлттық фестивалі Ақтөбе қаласында өткен соң, эстафета Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавлға берілді. Алайда ол жақта талапқа сай келмеді. Сол сбепті СҚО тарапы министрлікке өткізе алмайтындықтарын айтқан. 2 айдың ішінде жаңа жерді іздедік. Алғашында ипподромы жақында ғана ашылған Шымкент қаласына қолқа салдық. Олар құжат жағынан мәселе толық шешілмегендіктен, бас тартты. Артынша Астана қаласы қабылдай алатындығын айтты. Меніңше елордадағы жарыс жоғары деңгейде өтті. Осы орайда елорда әкімі Жеңіс Қасымбек пен өзге де азаматтарға ұлттық спортты қолдағандары үшін алғыс айтқым келеді. Дегенмен, ұлттық спорт фестивалі біткеннен кейін, бұл ипподром келесі жылы өтетін көшпенділер ойындарының талабына сай болу үшін, жөндеу жұмыстарына жабылады.
Келесі 2027 жылы болатын Ұлттық спорт фестивалі қай қалада өтетіндігі белгілі болды ма?
Ұлттық спорт фестивалін өткізуге ипподром қажет. Өкінішке орай, елімізде осындай фестивальдердің талаптарына сай келетін ипподромдар жоққтың қасы. Біз мейлінше инфрақұрылымы бар, лайық деген облыс орталықтарымен сөйлескенде осы талаптарды анықтаймыз. Ал қазіргі уақытта ең кейінгі салынған жаңа ипподром Шымкент қаласына тиесілі. Ол жерде алаңы кең, көрермендер мен қатысушыларға тамақтанатын арнайы бөлмесі, бәйге мен көкпар өткізе алатын аймағы бар. Сол себепті, 2027 жылы фестивальді Шымкент қабылдайды деп отырмыз.
Биылғы фестивальде қатысушылар неше спорт түрінен бақ сынады? Алдыңғы жарыстарға қарағанда өзгеріс бар ма?
Төрт жыл сайын өтетін ұлттық спорттың басты додасында өңірлер асық ату, аударыспақ, бәйге, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, жекпе-жек, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, теңге ілу, тоғызқұмалақ спорт түрлері бойынша ең мықтыны анықтады. Бірақ үнемі 11 спортпен қатып қалмаймыз. Мысалы, бұған дейінгі фестивальдерде қатысушылар спорттың 7 кейін 8 түрінен жүлдеге таласса, 2019 жылы Ақтөбеде 10 спорт түріне өсті. Биыл дәстүрлі садақ атуды қостық. Неге? Себебі, бұл спортқа деген қызығушылық қоғам тарапынан өсіп келеді. Дәстүрлі садақ ату 2021 жылы ғана ресми тіркелгенімен, 2 жыл ішінде 2 рет Қазақстан чемпионатын өткізіп үлгерді.
2019 жылы өткен спорт фестивалінде Түркістан облысы мен Астана қаласы алғашқы орындарды алды. Осы жолы да сол жетістік қайталанды? Бұл жәй ғана сәйкестік пе? әлде басқа себебі бар ма?
Астана қаласында аяқталған ұлттық спорт фестивалінде 11 спорт түрінен жалпы есепте Түркістан облысы (574 ұпай) жеңімпаз атанды. Екінші орынды Астана қаласы (549 ұпай) алса, үздік үштікті Жамбыл облысы (460 ұпай) түйіндеді. Жасыратыны жоқ, дәл қазір Түркістан облысы ұлттық спорттың отаны болып тұр. Ал Астана командасы командалық бәсекелерде жақсы өнер көрсетті. Осы жолы командалық жарыста көкпар, асық ату, тоғызқұмалақтан бақ сынады. Жарыстың шарты бойынша, командалық сайыста жеңсең, 86 ұпай беріледі. Ал жеке сында 43 қана ұпай еншілейсің. Олар тек көкпарда ғана 4-орын алды. Қалған екеуінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Нәтижесінде елордалық команда 2-орынға табан тіреді.
Осы жерде өзіңіз бас төреші және ұйымдастырушы ретінде айтыңызшыі аптаға созылған жарыс кезінде қай өңірдің командасы ойдағыдай өнер көрсете алмады?
Өкінішке қарай, жаңадан құрылған Абай облысы соңғы 20-орынға жайғасты. Себебі, облыс бөлінген сәтте кей спортшылары ШҚО командасына кетіп қалды. Осы жолы олар 3 спорт түрінен ғана жүлдеге таласты. Бір қуантарлығы соңғы уақытта барлық облыстар ұлттық спортты дамытуға қатысты жұмыстар жүргізіп жатыр. Мысалы, биылғы фестивальге еліміздің барлық өңірінен 11 спорт түрі бойынша 1381 спортшы қатысты. Ал 4 жыл бұрын Ақтөбеде өткен жарыста қатысушылардың саны 900-дің үстінде ғана болған еді.
Соңғы сұрақ, Ұлттық спорт фестивалі қай жылдардан бері ұйымдастырылып жатыр?
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін құндылықтарымызды жаңғыртуға мүмкіндік алдық. Осыған орай, ұлттық спорт фестивалі 1999 жылы алғаш рет елорда төрінде жалауын көтерген. Дегенмен, ол кез бен қазіргі сәтті салыстыруға келмейді. Себебі, инфрақұрылым нашар, ұйымдастыру деңгейі төмен, нақты ереже де бекітілмеген болатын. Артынша фестиваліміз Қарағанды, Өскемен, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында жалғасын тапты.
Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Қанат Байұзақов
![](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Астанада екінші рет «Толағай» алыптар сайысы өтті](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)