00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Айбота Ертайқызы Ташкенттегі Азия чемпионатында жеңіске жетті

04.05.2024 | 14:56
166
Айбота Ертайқызы Ташкенттегі Азия чемпионатында жеңіске жетті
Фото: дереккөз

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Айбота Ертайқызы Ташкенттегі Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлады Elorda.info. 

Қазақстандық спортшы таспамен жаттығуда көш бастады. Төрешілер оның өнерін 32,90 ұпайға бағалады. 

Күміс жүлдені өзбектандық Тахмина Икромова, қоланы жапондық Рейна Мацусака еншіледі.

Айта кетелік, Айбота Ертайқызы доппен жаттығуда күміс, шығыршықпен жаттығуда қола медаль алды.

Все новости