00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ақтауда алғаш рет шахматтан әлем чемпионаты өтіп жатыр

05.08.2023 | 05:00
99
Фото: Jibek Joly арнасынан скриншот

Ақтауда мектеп оқушылары арасында шахматтан халықаралық командалық чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info Jibek Joly арнасына сілтеме жасап. 

Онда әлемнің 53 елінен келген 400-ге жуық оқушы бақ сынайды. Мұндай сайыс дүние жүзінде бұрын-соңды өтпеген.

шахи.jpg

Чемпионаттың географиялық тұрғыдан ауқымы кең. Ақтауға, тіпті, перулық және мадагаскарлық оқушылар ұшақпен жетті. Төрт құрлықтан жиналған жасөспірімдер жарыстың салтанатты рәсіміне қатысты. 

нигер.jpg

«Каспий жағасына жеткенше бірнеше ұшақ ауыстырып міндік. Шаһар шағын әрі әдемі екен. Жолда шаршағанымызға қарамастан, жарысқа қатысуға дайынбыз. Біздің елімізде шахмат енді ғана дамып келе жатыр. Соған қарамастан, жеңісті қолдан бермеуге тырысамыз», - деді Нигериядан келген чемпионатқа қатысушы.

Чемпионатты дүниежүзілік және Қазақстан шахмат федерациялары бірігіп ұйымдастырды. Шахмат жарысына 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысуда. Ақыл-ой спортынан жарыс 7 тамызда аяқталатын болады.  

Все новости