00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстандық мергендер Азия кубогында 5 медаль иеленді

31.03.2023 | 23:28
Елорда ақпарат
83

Қазақстандық мергендер кезекті рет ең беделді халықаралық жарыста еліміздің намысын абыроймен қорғап, лайықты өнер көрсетті. Кувейтте өтіп жатқан стендтік атудан Азия кубогында спортшылар 5 медаль жеңіп алды: 2 алтын, 1 күміс және 2 қола, деп хабарлады Elorda.info. 

Барлық жүлдені «скит» жаттығуында — дөңгелек стендте атудан жеңіп алды. 

Ольга Панарина жекелей және Әсем Орынбай, Зоя Кравченко сынды спортшылардан жасақталған құрама сапында командалық жарыста алтын алды.

Эдуард Ещенко, Юнус Мачжон және Артем Седельников бастаған ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Бұл жолы Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко қола жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстан спортшыларының соңғы жетістіктері (Әлем кубогының жалпы медальдық есебінде бірінші орын) кездейсоқтық емес екенін тағы да көрсетеді. Бұл әсіресе, Париж Олимпиадасы қарсаңындағы сөзсіз зор қуаныш.
Өтіп жатқан турнир барысында біздің мергендер жеңіс тұғырына тағы бірнеше рет көтерілетініне сенімдімін. Спортшыларымызға сәттілік тілеймін және барлық қазақстандық жанкүйерлерді Азия кубогының сәтті басталуымен құттықтаймын, - деп жазды Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов. 

Все новости