00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстандық Олимпиада ойындарының жүлдегері допинг үшін 8 жылға спорттан шеттетілді

31.03.2023 | 23:15
Елорда ақпарат
97

Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Сон 8 жылға спорттан шеттетілді. Сондай-ақ қазақстандық бірқатар спортшы жарыстарға қатыса алмайды, деп хабарлады Elorda.info Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығының сайтына сілтеме жасап.

Токиода 2020 жылы өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Соннан метастерон сынамасы табылды, соның салдарынан ол 8 жылға спорттан тыс қалды. Метастерон үшін ауыр атлеттер Алексей Дроздов, Абылай Әуелханов, Юлия Потассова, Руфина Чалкарова да 2026 жылдың 28 наурызына дейін жарыстарға қатыса алмайды. Сондай-ақ тағы бір ауыр атлет Карина Жүнісбаева канренон сынамасы үшін 2024 жылдың 21 қазанына дейін спорттан шеттетілген еді. Жеңіл атлеттер Александр Савгуров пен Екатерина Грицай оксаладрон үшін 2025 жылдың 26 қазанына дейін спорттан шеттетілді. Ал таеквондо шебері Жасүрбек Исрайловтан мельдоний сынамасы табылып, 2025 жылдың 18 қарашасына дейін спорттан тыс қалды, - делінген орталықтың хабарламасында.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында қазақстандық ауыр атлет Игорь Сон 61 келіге дейінгі салмақ бойынша қола медальді және 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесін еншілеген еді. 24 жастағы Игорь Сон өз карьерасында осындай жағдайға екінші рет тап болып отыр.

2015 жылы қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан соң бірнеше айға спорттан шеттетілген болатын. Ол кезде спортшы препараттың организміне биоқалдықтар арқылы кіргенін дәлелдеген еді.

Все новости