Астанада Tartyl Fest республикалық турнирінің гранд-финалы өтеді
![](/img/articles/uploads/63edfab83b432516192260_d1419cdd6f.jpg)
Астанада 18 ақпан күні Tartyl Fest республикалық турнирінің гранд-финалы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл турнир ҚР Президенті жанындағы «DARA» таланттарды қолдау қорының бастамасымен ұйымдастырылған. Жоба идеясын белгілі қазақстандық продюсер Нұрлан Қоянбаев ұсынған, ал жобаның бренд-елшісі – «Street Workout» бойынша рекордсмен Айтым Жақыпов.
Гранд-финалға өңірлік іріктеу жарыстарында үздік нәтиже көрсеткен 170 спортшы қатысады. Қатысушылардың жасы – 14-51 жас аралығында.
Өткен жылы турникке тартылудан жарыс Қазақстанның 20 қаласында өтті. Онда 7 мыңнан астам қазақстандық тоғыз салмақ дәрежесінде сайысқа түсті. Тартылу саны бойынша рекорд 33 жастағы тараздық Евгенийге тиесілі – ол 50 рет тартылған.
Нұрлан Қоянбаев Tartyl Fest республикалық турнирінің таланттарды іздеу мен өзін-өзі таныту мүмкіндігіндегі маңызын атап өтті. Бұл «DARA» қоры ұйымдастырған алғашқы жоба және ол расында да халыққа кең тарап, Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту міндеттерін іске асырудың табысты үлгісі болды.
Біз басқа салаларда да осындай отандастарымыздың түрлі әлеуметтік лифтілерді пайдаланып, өз талантын жүзеге асыра алатындай алаңдар құруға ниеттіміз, - деді Н.Қоянбаев.
Tartyl Fest ақтық сайысы 2023 жылдың 18 ақпанында EXPO аумағындағы Конгресс орталықта сағат 12.00-де басталады. Жарыс «Jibek Joly» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.
Гранд-финалдың жалпы жүлде қоры – 54 млн теңге. Онда бірінші орын жеңімпазы 3 млн теңге алады, екінші орын үшін сыйақы – 2 млн теңгені, үшінші орын үшін 1 млн теңгені құрайды.
Сонымен қатар гранд-финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатында Қазақстан атынан сайысқа түсе алады.
![](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Астанада екінші рет «Толағай» алыптар сайысы өтті](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)