00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада садақ атудан екінші тур ойындары өтті

31.03.2023 | 22:29
Елорда ақпарат
103

"Алатау" спорт кешенінде Elorda sadaq atu liqasy-ның екінші ойыны өтті, деп хабарлады Elorda.info

Астанада алғаш рет 15 қаңтар күні Elorda sadaq atu liqasy-ның бірінші кездесулері өткен болатын. Қазіргі уақытқа дейін 70-тен астам астаналық мергендер өзара бақтарын сынап көрді.

Жарыс барысын тамашалауға Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, лига 6 турдан тұрады, яғни жарыс үздіксіз 1 жыл уақыт аралығында өтеді. Нақтырақ айтқанда 1 турды екі айда өткізу жоспарланған.

Садақ атудан Elorda sadaq atu liqasy-ның екінші кезеңі өтіп жатыр. Ең мықты деген 72 қатысушы өздерінің санаттары бойынша қатысуда. Яғни, садақшылар 1-жоғарғы лига (үздіктер); 2-лига А; 3-лига В; 4-лига С болып 4 санатқа (лигаға) бөлінеді. Әр лигада 8 садақшыдан болып, өзара сайысқа түседі. Әр турдың нәтижесінде алғашқы болған 3 садақшы алдыңғы лигаға өтіп С-дан В-ға, В-дан А-ға т.с.с. соңғы болған 3 спортшы төменгі лигаға өтеді (А-дан В-ға). Лига ұзақтығы 1 жыл. Жарыс жалпы 6 турдан тұрады, әр тур 2 айға созылмақ. Жыл соңында жылдық қорытынды жасалынады. Сонымен қатар әрмен қарай жалғаса береді, – дейді "Elorda Sadaq atu" дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Диас  Ахметов.

Все новости